Перейти к содержимому

Жылдамдықты шамадан тыс асырма!

29 қаралым

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің басты міндеті. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы жолаққа шығу және көлік жүргізу кезінде телефон қолдану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер де белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеуі керек. Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін ерте жастан үйретудің маңызы зор. Жолдағы бір ғана жауапсыз әрекет адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан асығыстықтан гөрі қауіпсіздікті таңдаған жөн. Жол ережесін сақтау – өз өміріңді де, өзгенің өмірін де қорғау.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ