Балқаш АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚТ инспекторларының ұйымдастыруымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және оған жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық түрлері түсіндіріліп, оның қоғамға тигізетін кері әсері айтылды. Сонымен қатар, отбасылық жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, құқықбұзушылыққа бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу және жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел барысында қорғау нұсқамасын шығару, оның талаптарын сақтау, ерекше талаптар белгілеу, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды бақылау және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамау, орын алған құқықбұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша түсіндірілді.
Алтынай СЕЙІТКЕН