Перейти к содержимому

Құтқарушылар марапатталды

28 қаралым

Қонаев қаласында Құтқарушылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Шарада қала әкімі Асхат Бердіханов құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудағы еңбегін атап өтті.
«Құтқарушы болу – үлкен жауапкершілікті, батылдық пен табандылықты талап ететін абыройлы мамандық. Сіздер күн сайын адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғап, қиын сәтте көмекке келіп, талай жанға үміт сыйлап жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, азаматтардың өмірін сақтап қалу жолындағы қызметтеріңіз әрдайым құрметке лайық», – деді қала әкімі. Сондай-ақ ол құтқарушыларға адал қызметі үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдіріп, отбасыларына амандық пен бақ-береке, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиында шаһар басшысы Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және №1 өрт сөндіру бөлімінің 15 қызметкерін марапаттады. Сонымен қатар «Халық үшін» қоғамдық қорының директоры Сергей Горяной 5 құтқарушыға арнайы сертификаттар табыстады.

Ақерке Жұмағазықызы
Қонаев қаласы

↑