Перейти к содержимому

Жасөспірімдер жіті назарда

26 қаралым

Жамбыл аудандық әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті 19-шы отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ықылас Амалбектің төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері мен жауапты сала мамандары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, отбасы үлгісіндегі балалар үйлері мен патронаттық тәрбиедегі балалардың жағдайы, сондай-ақ 2026 жылдың 9 айындағы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық ахуал талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық саласына жауапты маманы баяндама жасап, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция өкілі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін баяндады.
Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу жайы сөз болды.

Серік Сатыбалдиев
Жамбыл ауданы

↑