Алматы облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың келуін тіркеуге арналған QR-код және Face ID технологияларына негізделген электрондық есепке алу жүйесі енгізілуде.
Жүйенің негізгі артықшылықтары:
✅ Балалардың балабақшаға келуін автоматты түрде тіркеу;
✅ Тәрбиешілердің жұмысын жеңілдету және қағазбастылықты азайту;
✅ Қатысу деректерінің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету;
✅ Жалған мәліметтердің алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;
✅ Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.
Цифрландыру нәтижелері:
Бүгінде Алматы облысындағы 1127 мектепке дейінгі ұйымның 773-і (68,8%) электрондық табельдеу жүйесін қолдануда.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, жүйені енгізу нәтижесінде 1,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген.
Жүйеде дербес деректерді қорғау талаптары сақталады. Сондай-ақ ата-аналар үшін Face ID технологиясына балама ретінде QR-код арқылы тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазіргі уақытта аталған жүйені Алматы облысының барлық аумағында кеңінен енгізу жұмыстары жалғасуда.
Цифрлық технологиялар – білім беру саласындағы ашықтықтың, тиімділіктің және сапалы басқарудың маңызды кепілі!
«Алатау – Ақпарат»

