Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚОНАЕВТА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚОНАЕВТА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

74 қаралым

Нысан «NEW Construction LTD» ЖШС-нің инвесторлық қаржысына салынуда.

Қазіргі таңда мұнда жер жұмыстары жүріп жатыр. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жаңа құрылыс алаңына барып, инвесторлармен жолықты. Кездесуде әріптестік, инженерлік желілерді тарту, мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.

Қала әкімінің сөзінше, саяжайдан күнделікті 1200 бала қалаға қатынап оқиды. Жаңа мектеп ең алдымен оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін салынуда.

«Бұл ғимараттың құрылысы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен басталды. Құрылыс жұмыстарын 1 жыл көлемінде аяқтау жоспарланып отыр», – деді Асхат Бердіханов.

Ал жоба жетекшісі Денис Брюханов оқу ошағы салынатын жердің аумағы 2 гектар екенін атап өтті. Білім ордасының ауданы 10 мың шаршы метр болады. Мектеп 900 орынға арнап салынады.

Айта кетейік, Қонаевта 10 оқу ошағы орналасқан. Оның 9-ы мемлекеттік. Мектептерде 13 мыңнан астам оқушы білім алады.

Қонаев қаласы

↑