-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН

    08.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

          Іле ауданына қарасты Таңбалытас аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымдарының (ҰҚШҰ) құтқару бөлімшелері «Жартас – 2024» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуын өткізді. Шараға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдай өкілдері қатысты. Атап айтқанда, халықаралық оқу-жаттығуға Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының төтенше жағдай қызметкерлері шақырылды.

    Оқу-жаттығудың бірінші күні командалық-штабтық ойын фор­матында қауіп төнген және орын алған жағдайда әрекет ету үшін жедел штабтың жұмысын қалай ұйымдастыру жайы пысықталды. Жер сілкінісі ке­зінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары мен техника құрал­дары таныстырылды. Жаттығудың практикалық бөлімінде апаттық-құт­қару жұмыстары жүргізілген аймақтардағы жағдай нақтыланды. Жоғары оқу орындарының көмегімен төтенше жағдайға байланысты тәжіри­белік сабақтар оқытылды.
    Жаттығу аясында белгілі бір елді­мекенде күшті жер сілкінісі болады. Салдарынан өндірістік ғимараттар мен көпірлер қирап, химиялық және радиоактивті заттар ағып, өрт шығып, адам шығыны тіркеледі. Құтқарушылар ұшақ, парашюттік-құтқару жасақтары мен кинологтар көмегімен аймаққа барлау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді құтқарады. Сонымен қатар, өрт сөндіру, пойызбен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету және далалық лагерь құру жұмыстары пысықталды. Оқу-жаттығуға өрт сөндірушілер, құтқару бөлімшелері, авиация, дрондар мен робототехника тартылды. Нәтижесінде, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдай қызметкерлері практикалық дағдыларын жетілдірді. Оқу-жат­тығу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, бірігу арқылы көптеген төтенше жағдайды тез арада жеңуге болатынын түсінді.
    – Біздің ел жазықта орналасқан. Тауда жаттығып, дайындықтан өтуге мүмкіндігіміз жоқ. Қуаныштысы, Қазақстанға, Алматы облысына келіп, таулы жерде біліктілігімізді шыңдап үйрендік. Біздің бөлімше – «Зубр» арнайы жасақ отряды осындай іс-шаралардың арқасында мол тәжірибе жинақтады. Біз кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын болуымыз керек, – деп атап өтті Беларусь Республи­касы Төтенше жағдайлар министрлігі «Зубр» республикалық арнайы жасағы бастығының бірінші орынбасары Андрей Метельский. Халықаралық шараның қорытын­дысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов бастаған жауапты сала өкілдері, Үкімет пен министрліктің қызметкерлері, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.
    – Оқу-жаттығу біздің министрлік­тер мен ведомстволардың төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған. Жаттығуда жоғары кәсібилік бағыты сәтті көрсе­тілді. Жаттығудың барлық мақсаты орындалды. Ұйымдастырған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне ерекше алғыс айтқым келеді. Барлық қатысушыларға ризашылығым шексіз. Жаттығудың сәтті аяқталуымен бар­шаңызды құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін, – деді салтанатты жиында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
    «Жартас – 2024» арнайы оқу-жаттығуы аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелері арасында көпсайыс бойынша жарыс­тар өтті. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы бірінші орын, Беларусь командасы екінші орын, Қырғызстан құрамасы үшінші орын алды. «Достық кубогы» Ресей мен Тәжікстан құрамаларына берілді. Бірлескен шарадан кейін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.

    Жандос ҚҰРБАНОВ
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    ГАЗЕТ – ҰЛТ ПЕН ҰРПАҚТЫҢ АЙНАСЫ

    ГАЗЕТ – ҰЛТ ПЕН ҰРПАҚТЫҢ АЙНАСЫ

    7 months ago
    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    2 years ago
    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    5 months ago
    Орманды өрттен сақтайық

    Орманды өрттен сақтайық

    11 months ago
    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>