🌧️
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Орақ науқаны ойдағыдай

    14.09.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Орақ науқаны ойдағыдай
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Кеген өңірінде биыл жаз жаңбырлы болды. Жердің ылғалдылығы шаруалардың мол өнім алуына мүмкіндік туғызды. Диқандар әр күнін зая жібермей, алқапта еңбек көрігін қыздырды. Төккен тер босқа кетпеді. Енді, міне, самал желмен теңіздей тербелген алтын дәнге орақ түсті.

    Бізде қарап жатпай, Қарқара ауылдық округіндегі еңбекшілер дүбіріне атбасын тіредік. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жасұлан Әбдірасылұлын егіс алқабынан кездестіріп, сөзге тарттық. «Биыл Кеген ауданы бойынша 8100 гектарға дәнді дақыл себілді. Оның 1300 гектары – күздік бидай, 6800 гектары – жаздық арпа. Бүгінгі күнге дейін 5800 гектар арпа орылып, орташа түсім 15 центнерден айналуда», – дейді ауылшаруашылық маманы.
    Жиын-терін қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жасұлан Әбдірасылұлынан қысқы мал азығы барысын сұрағанымызда: «Жоспар 187000 тонна еді. Бірақ біз 200000 тоннаға жеткізіп, артығымен орындадық», – деді.
    Қарқара ауылының тұрғыны, «Ынтымақ-Б» шаруа қожалығының төрағасы Бақытжан Асқарбаевтың қожалығында 170 гектар егістік, 17 гектар суармалы жер мен 70 гектар шабындығы бар. Қыстың қыр астында екенін түсінген қожалық төрағасы техникаларын күні бұрын сайлап қойған. Тіркемелі екі «Камаз» қыстауға мал азығын тасып жатқанын көріп, өнім мол болсын деген тілегімізді жеткіздік.

    Нұрболат ТАСТАНҚҰЛОВ
    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Баскетбол бәсекесі

    Баскетбол бәсекесі

    4 weeks ago
    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    2 years ago
    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    2 years ago
    Тарих шерлене сыр тарқатты

    Тарих шерлене сыр тарқатты

    1 year ago
    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>