-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    27.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          60-жылдары туған буын өткен ғасырды да, мына ғасырды да, соғыстың да бүкіл қиыншылығының шет-жағасын көріп өсті. Ол кезде елдің танымы да, тәрбиесі де бөлек еді ғой, несін жасырайық?!

    Біздің буын мен қазіргі буынның арасындағы айырмашылықтың туын­дауына тәрбие себеп болып отыр. Үкіметті кінәлап жатамыз. Әйтсе де, таяқтың екі басы бар. Ұрпақ тәрбиесінде Үкімет өз алдына, ата-анадан да кемшілік бар.
    Кеңес уақытында отаншылдықпен жастарды тәрбиелеген жақсы әдістер болды. Бірінші сыныптан бастап кеудесіне Лениннің суретін тағып, октябрятқа өткізді. Үшінші-төртіншіге көш­кенде мойнына қызыл галстук тақты. Содан кейін мектеп бағдарламасына батыр пионер, батыр комсомолдардың өмір тарихын енгізді. Бұл дегеніңіз – тәрбие. Сол арқылы жастар жігерленді, алға ұмтылды. Ол кезде Отан алдындағы әскери борышымызды өтеуге өзіміз сұранып баратынбыз.
    Ал қазіргі ата-аналар балаларын әскерден алып қалуға жанын салады. Бүгінде мені әке ретінде, ата ретінде қатты уайымдататын, толғандыра­тын нәрсе ­– еліміздің болашағы, не­мерелеріміздің келешекте жағдайы қандай болады деген ойлар. Әскерге барғандар бір-бірін ұрып, табытпен қайтып кеп жатыр. Бұл енді қандай ақылға сыяды? Біздің аталарымыз қанша қанмен, қанша термен осындай күнге жеткізді. Ал енді ұрпақтың тәрбиесіне келсек, ол балабақшадан басталуы тиіс. Оған әке-шеше қатысу керек. Баланы тәрбиелеу үшін жан-жақтан, Үкімет тарапынан да қам-қарекет жасалғаны жөн.
    Тағы бір қарын аштыратын жайт – қазіргі ата-аналарда қате түсінік бар. «Баламды бақшаға өткіздім, мектепке бердім, болды» деген. Осындай ұғымның салдарынан қазіргі таңда не мектепте, не мұғалімде, не ата-ананың өзінде еш абырой-бедел қалмады. Барлығы өздерінікін дұрыс дейді. Одан қалды, анау министрлік те шетелдің тәжірибесі дей ме, бірдеңені көлденең тартып, өте бір келеңсіз заң шығарып қойыпты. Ау, әр елдің өз ұғым-пайымы, ұстанған бағыты, тәрбие жолдары бар емес пе? Қит етсе, өзгенің қаңсығын елге таңсық дүниедей етіп таныстырып, тықпалаудан не ұтамыз?
    Осындай ойлар кейде шырт ұйқыдан оятады, оның несін жасырамыз? Міне, бұл күнде ата болып, немере ойнатып жүрміз. Өзімнің шағын шаруашылы­ғым бар. Қартайдым деп қарап отырмай, бойда күш-қуат барда қимылдай бе­рейін, аз да болса нәпақа ғой деп жүріп жатырмыз. «Артымызда із қалсын, тастап кетер жол қалсын» деген ой ғой біздікі.
    Ел аман, жұрт тыныш болсын! Бейбіт күндегі көлденең кесапаттан сақтасын халқымызды!

    Амантай БОЛАТБАЕВ
    Жалғамыс ауылы,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    8 months ago
    Ырысымыз ортаймасын!

    Ырысымыз ортаймасын!

    2 months ago
    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    2 years ago
    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    2 years ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Іле ауданында бірнеше елдімекенге газ беру уақытша тоқтайды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.