-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    04.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Көкқайнар ауылдық округіндегі №53 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті.

    Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.

    Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.

    Сондай-ақ, кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістердің бастамасына түрткі болып отырған, АЭС-тың (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастардың референдумға көзқарасы қандай екендігі баяндалды.

    Деректерге сүйенсек, электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

    Кездесуде №53 жалпы орта мектебінің ұжымы, референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында кәсіпкер жастарға 1,9 млрд теңге несие беріледі

    Алматы облысында кәсіпкер жастарға 1,9 млрд теңге несие беріледі

    2 years ago
    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    10 months ago
    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    1 year ago
    Қызылшадан екпе ғана қорғайды – Үкімет басшысы

    Қызылшадан екпе ғана қорғайды – Үкімет басшысы

    2 years ago
    Ғасыр сазын тербеген

    Ғасыр сазын тербеген

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>