Балқаш ауданы, Құйған ауылдық округіндегі №118 сайлау учаскесінде «Рыбпром» ЖШС төрағасы — Жарасхан Тықыров 10 балықшысымен келіп дауыс беріп, пікірін білдірді.
— «Референдумға қатысу өте маңызды іс жән азаматтық борышымыз. Өйткені бұл — елдің болашағына қатысты шешімдерді халықтың өзі қабылдайтын сәт. Әрбіріміздің дауысымыздың маңызы зор, себебі біз, өз таңдауымыз арқылы мемлекетіміздің дамуына ықпал етеміз», – деді Жарасхан Тықыров өз сөзінде.
