☀️
-5°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Бердібек әлеміне саяхат

    22.10.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Бердібек әлеміне саяхат
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

             Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ­Кеген аудандық ішкі саясат бөлімі мен «YERKIN» жастар қоғамдық бірлестігі «Бердібек әлеміне саяхат» атты оқушылар арасында байқау өткізді. Онда балалар қаламгердің өмірі мен шығармашылығы бойынша эссе, өлең жазып бақ сынасты.

    Байқауға жетпіске жуық өтінім келіп түскен. Қазылар алқасы үміткердің эссе жазудағы шеберлігі, ойының тереңдігі, тақырыпқа сәйкестігі және тағы басқа қырларына баса назар аударды.
    Аталған шарада ең алдымен көпшілікке кітап көрмесі таныстырылып, жазушы туралы бейнефильм көрсетілді. Алғашқы құттықтау сөзін алған Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков:
    – Қасиетті қазақ даласында ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен оқушылар арасындағы байқаудың қорытынды жиынында бас қосып отырмыз. Биыл Алматы облысының әкімі Марат ­Сұлтанғазиевтің қолдауымен елдімекендердегі көше, мектептерге және саябақтарға жазушының есімі берілді. Қаламгер туралы спектакльдер қойылып, кітаптары жарық көрді,– дей келе, шығармашылық жарыстан оза шапқан оқушыларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті. ­Ардагер-журналист Шыңғыс Тұрсынов, ақын Шеризат Мекебаев жас ұрпаққа ізгі тілегін арнады.
    Байқаудың бас жүлдесін Шырғанақ ауылынан келген Еңлік ­Оразақын иеленді. Тасашылық Бахарбек Дәулетжан жүлделі I орын иегері атанса, ІІ орын Жалағаш мектебінің оқушысы Талшын Бейсенбайға бұйырды. Қарабұлақ ауылынан келген Әсия Айтберген үшінші орыннан көрінді. ­Ынталандыру сыйлығы ­Айзат ­Бақберген, Нұрай ­Кенжебек, Алина Тілек, Сәкен Аяна, Ақарыс ­Нұрбақыттарға табысталды.
    Шара соңы аудандық көркемөнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлтты ұйыстырған мереке

    Ұлтты ұйыстырған мереке

    9 months ago
    Соны көзқарас қажет

    Соны көзқарас қажет

    9 months ago
    Инвестиция игілігін ел көреді

    Инвестиция игілігін ел көреді

    1 year ago
    Қоржында – үш алтын!

    Қоржында – үш алтын!

    2 weeks ago
    Мұхит асқан мәртебе

    Мұхит асқан мәртебе

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>