-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Шытырман оқиғаға толы

    09.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Шытырман оқиғаға толы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматыда ардагер-заңгер, ақын Оразхан Анарбайұлының «Өмір-ай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Саналы ғұмырын заң саласына арнаған қаламгердің шығармашылық еңбегінің таныстырылымына жора-жолдастары, туыстары мен кітапсүйер қауым қатысты.

    1960 жылдары Қытайдан атажұртқа оралып, Нарынқол ауданына қоныс тепкен бала Оразханның отбасы кейін сол кездегі Шымкент облысының Созақ ауданына көшіп барады. Ауылда мектеп бітіріп, әскерге аттанған Оразхан кейін ҚазМУ-дың заң факультетін тәмамдайды. Жолдамамен Жезқазған облысына барып, еңбек жолын тергеушілік қызметтен бастайды.

    Тұсаукесер жиынында сөз алғандар Оразхан Анарбайұлының заңгер ғана емес, қолына қалам ұстаған ақын, өмірден көрген-білгенін түртіп жүретін жазушылық қабілетін де тілге тиек етті. Бұған дейін жарық көрген «Өлеңім – өнерім»  атты жыр жинағында Оразхан Анарбайұлы жастарға патриоттық рух беру, Отанды, елді, жерді сүю, білімге ұмтылу, қайсарлық, еңбекқорлық тақырыптарына қалам тербеді.

    Ал автордың «Өмір-ай» атты жаңа кітабында оның балалық шағынан бастап, әскердегі өмірі, студенттік жылдары, құқық қорғау саласындағы қызметі, зейнетке шығып, қоғамдық істермен белсенді айналыса бастаған шағына дейінгі кезеңде бастан өткерген оқиғалары әсерлі естеліктермен өрілген.

    Кітаптың «Мен тергеушімін» жұмыс барысында кездескен қиындықтары мен жинаған тәжірибесі баяндалады. Мұнда мемуарлық детективтер, қиын да қызықты, қауіп-қатері мол шынайы оқиғалар нақты сол күйінде, әр тергелген қылмыстық іс бойынша жазылған.

    «Мұндай детективті мемуарлық кітап бұған дейін жазылмаған десе де болады. Ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың «Шерлок Холмстың басынан кешкендері» кітабы бар, алайда ондағы оқиғалар ойдан құрастырылған. Мен жазған шығарма шынайы, өмірдің өзінен алынған», – дейді Оразхан Анарбайұлы. Көпті көрген заңгер кезінде өзі жүргізген қылмыстық істерінің заң аясынан шықпауына баса назар аударыпты. Қоғамға жат әрекет жасағандардың ісін ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды мұқият, жауапкершілікпен зерделеп, қылмысына бара-бар жазасын алуына үлесін қосқан.

    Көркем әдебиеттің шытырман оқиғаға құрылатын детектив жанрында бұған дейін Кемел Тоқаев сынды санаулы ғана жазушы қалам тербесе, Оразхан Анарбайұлының «Өмір-ай» кітабы бұл тарапта жазылған көркем шығармалар шоғырын көбейте түседі деп сенеміз.

    Айбек Мұқан

    Ұсынымдар

    Ескерткіш маңы тазаланды

    Ескерткіш маңы тазаланды

    1 year ago
    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    Отбасылық бюджет: биылдан бастап салық шегерімдері кімдерге беріледі?

    5 months ago
    Алматы облысында осы жылдың жеті айында  365 өрт оқиғасы тіркелген

    Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

    2 years ago
    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…

    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…

    2 years ago
    Жиын-тойдың уақыты емес…

    Жиын-тойдың уақыты емес…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>