-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сырқат сырын анықтайды

    09.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Сырқат сырын анықтайды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Ауыра қалсаң, қасыңнан табылып, сырқат сырын айнытпай анықтайтын, қажетті ем-домын дер кезінде жасап, батпандап кірген кеселден айығудың жолын іздейтін қолы шипалы, жүрегі жұмсақ жандар қай қоғамда болсын қадір-құрметке ие. Халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуді абыройлы міндеті санайтын сондай абзал жанның бірі – Райымбек аудандық ауруханасындағы жоғары санатты дәрігер Бағлан Қоданов.

    Қайнар орта мектебін үздік бітірген Бағлан Құлжанқожаұлы дәрігер мамандығын меңгеруді бала кезден армандаған. Оған себеп те жоқ емес. Ауылдағы емханада мейірбике болып қызмет атқаратын анасы Советқан Молданиязованың сырқат жандарға ем-шара жасап, шипа дарытумен қатар жүрегінің мейірімін де төге білетіні, сол арқылы ауруынан айыққан жандардың алғысын арқалап жататыны оның көз алдында. Осынау абыройлы мамандықты таңдауына сол бір ізгілікке толы қызметтің әсері болғаны сөзсіз.
    Арман жетегімен Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медициналық университеттің табалдырығын аттаған Бағлан барлық сынақтан сүрінбей өтіп, атақты оқу орнының студенті атанды. Өзі бұрын атын алыстан еститін айтулы ғалымдардан дәріс алды. Алған білімін өз бетінше ізденіспен ұштастырып, дәрігерлік ғылымның қыр-сырына үңілді. Медицина атасы Гиппократтың антына адал болуды, өмірлік серігі ретінде ұстануды алдына міндет етіп қойды.
    2013 жылы университетті үздік бітірген жас маман білімін одан әрі «АЗИУВ» резидентурасында жалғастырды. 2017 жылға дейін Алматыдағы №5 «Жедел жәрдем» бекетінде қызмет етті. Осында білікті дәрігерлерден үйренгенін дамыта отырып, тәжірибе жинады. Алдына ем іздеп, ауруына араша сұрап келген жандардың науқасынан құлан-таза айығуына себепші болды.
    – Алматыдағы үлкен емханада еңбек етіп, тәжірибем толыса түскен соң, қызметімді туған жерімде жалғастыруды жөн санадым. Сөйтіп, 2017 жылы Райымбек аудандық ауруханасына ультрадыбыстық зерттеу маманы ретінде жұмысқа орналастым. Адамның ішкі ағзасының қалтарыс-бұлтарысына дейін үңіліп, сырқат сырын анықтау оңай емес. Оған мол тәжірибе, терең білім қажет және заманауи қондырғыны бүге-шігесіне дейін жетік меңгеру керек. Онсыз алға аттап баса алмайсың. Емделушінің көңілінен шығуың, көкірегіне сенім ұялатуың екіталай, – дейді Бағлан.
    Дәрігердің өз мамандығы жолындағы қажымай-талмай ізденген іс-әрекеті бүгінде жемісін беріп, жұртшылықтың алғысын арқалап отыр. Бүгінде Бағланның алдына сырқатпен келген жандардың УДЗ аппараты арқылы берген анықтамалары өне бойды жайлаған кеселден құлан-таза айығуына жол ашуда. Сырқатына ем іздеп келушілердің Бағланның жұмыс бөлмесінің алдын босатпайтыны сондықтан. Осының бәрі де білімді де білікті дәрігердің көп жылдан бергі жинақтаған тәжірибесі мен жауапкершілікті жете сезінгендігінің жемісі деп білген абзал.
    Ақ желеңді абзал жанның ізденісті еңбегі бүгінгі таңда лайықты бағаланып, әріптестерінің ортасында абырой биігіне көтерілумен келеді. Аудан әкімі мен облыстық, аудандық денсаулық сақтау саласы басшылығы тарапынан алған Алғыс хаттары мен Мақтау қағаздары – сөзіміздің айқын дәлелі. Бағлан қазіргі таңда шеберлігін бұрынғыдан да шыңдай түсуде. КТ, МРТ аталатын заманауи қондырғыны жан-жақты меңгеріп, кідіріссіз жұмыс істеуіне, сырқат сырын дәлме-дәл анықтауға барынша ден қоя еңбек етуде. Реті келгенде өз мамандығының жетік білгірі атанған ақ желеңді абзал жанға біз де халыққа арналған қызметі жолында зор жетістіктер, аласармас абырой тілейміз.

    Жұмабек ТӘЛІПҰЛЫ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек

    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек

    5 months ago
    Кәдесый жасаудың хас шебері

    Кәдесый жасаудың хас шебері

    2 years ago
    Жыл сайын 400 мың адам ЖРВИ жұқтырады

    Жыл сайын 400 мың адам ЖРВИ жұқтырады

    1 year ago
    Казахстан – генератор идеи ШОС

    Татулық – біздің басты бағдарымыз

    10 months ago
    Вейпке тыйым салынады

    Вейпке тыйым салынады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>