-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ән бесігі – Алатау

    28.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Ән бесігі – Алатау
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұжымы алматылық көрермендерге жаңа форматтағы концертін ұсынды. Жыл сайын «Ән бесігі – Алатау» атауымен ұйымдастырылатын ән кеші биыл режиссерлік шешімін тапқан толыққанды қойылым арқылы туған жерге, ұлттық дәстүрге, рухани құндылықтарды дәріптеуге баса назар аударған.

    «Concordia» театр залы дәстүрлі және эстрадалық әндерді сағынып, ұлттық және заманауи биді тамашалауға келген өнерсүйер қауымға лық толды. «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы арнайы театрлық қойылым арқылы әр туындыға жан бітіріп, киелі сахнада шабыттана өлең оқып, әуелеген әнмен әспеттеді. Көрермендер өнерпаздардың талантына тамсанып, қайта-қайта қошеметпен қол соқты.
    Концертке Казақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мирас Бекжанов, Мәдениет саласының үздігі Құралай Бекжанова, ҚР Мәдениет қайраткері Есенгелді Рза, «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, ұжым бишілері мен әншілері өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етті. Жастардың бойына Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастырып, төл өнерімізді дәріптеп, халыққа жоғары сападағы мәдени қызмет көрсету, рухани демалыс сыйлау мақсатында ұйымдас­тырылған шара әр адамның рухын жанып, мерейін асқақтатты.
    Айрықша айта кетерлігі, 1979 жылы композитор Әсет Бейсеуовтің жетекшілігімен «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі болып құрылған шығармашылық орта 2011 жылдың ақпан айында «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына айналып, қайта жаңғырған. Бүгінгі таңда өнер ұжымында 68 қызметкер жұмыс істейді. Репертуарында Сүйінбай мен Жамбылдың жыр-термелері, қазақ сазгерлерінің, шетел композиторларының шығармалары, ұлттық би өнерінен бастап заманауи билердің қойылымы да кеңінен орын алған. «Өнерде шекара жоқ» дегендей, «Алатау әуендері» – республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Әсіресе, биыл өнер ұжымында берекелі де мерекелі сәттер көп болды. Облыс әкімдігінің қолдауымен Үндістан, Тәжікстан, Түркия, Франция мемлекеттерінде төл өнерімізді танытып қайтты. Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарына, Шымкент пен Риддер қаласына гастрольдік сапармен барып, халықтың шынайы ықыласына бөленді. Міне, осындай абырой асқарында жүрген өнер ордасы бүгінгі концертін де өте жоғары деңгейде өткізіп, шығармашылық даму белесіне көтерілгенін аңғартты. Біз оны «Алатау әуендері» ұжымының әр туындысына орнынан тік тұрып қошемет көрсеткен, оларға құшақ-құшақ гүл шоқтарын табыстаған талғампаз көрерменнің ыстық ықыласынан байқадық. Ән мен жырдың бесігінде тербетілген ­өнер­сүйер қауым ансамбльдің алар асуы мен бағындырар биігін бағамдап, ақ батасын беріп, айрықша сезіммен тарқасты.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    2 months ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    8 months ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    8 months ago
    Пошташы Оля

    Пошташы Оля

    2 years ago
    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>