⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    02.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Спорт
    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысында бірлік мерекесі кең көлемде атап өтілді. Облыс орталығында дүбірлеген той болса, Талғар ауданында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ұшқыр бәйге жарысы өтті.

    Енді “Qazaq World Cup” деп аталатын бұл жарыстың түрі елімізде әр екі апта сайын өтеді. Ал бүгінгі жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40 сәйгүлік қатысты. Жарыс ережесі бойынша тұлпарлар 6 топқа бөлініп, бақ сынады. Яғни, бір шақырымдық және 1800 метрлік, сондай-ақ 2 және 3 шақырым аралыққа тізгін босатып, кім жылдамды анықтады. Жүлде қоры 20 миллион теңгеден асады.

    Облысы әкімі салтанатты ашылу рәсімінде әуелі сөз басын бүгінгі бірлік күнімен құттықтаудан бастады. Ел жұртқа ауызбіршілік пен татулық, бақыт пен берекелі өмір тіледі. Әрі басқадан бәсі басым тұратын ұлттық ат спортының жанжақты дамуына қолдан келгенше қолдау көрсететінін жеткізді. Қазақ елі бар жерде бағзыдан қанға сіңіп, жастарды ептілікпен тектілікке тәрбиелейтін бұл атбегілік өнері өрге жүзе беретінін тілге тиек етті.

    Шараға қатысқан Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов бұл турнир қарашаға дейін әр екі апта сайын өтетінін айтты.

    “Енді бірінші мамырдан бастап 15 қарашаға дейін әр екі апта сайын осы бәйгені ұйымдастырып отырамыз. Тұңғыш рет өткізіп отырғандықтан халық қалай қабылдайтынын бақыладық. Бұл бәйгеде 20 миллион теңгеден аса жүлде қоры бар”, – деді қауымдастық басшысы.

    Сондай-ақ атшабарда ат ерлеген жігіттер аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, садақ ату секілді ұлттық ойындарда бақ сынасты. Ал сахна сыртында еріктілер гір тасы мен қошқар көтеруден, ләңгі теуіп, қол күресуден жарысты. Барлық ойынның жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Tags: ат спортыұшқыр бәйге

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>