-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Туған жерден нәр алған

    26.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Туған жерден нәр алған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» деп бекер айтылмаса керек. ­Қаламгерге құрмет көрсету ­мақсатында Тасашы ауылдық ­Мәдениет үйінде ақын Нәби ­Сатылғанұлының қатысуымен «Туған жерге тағзым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. «Туған өлке» жобасы аясында өткен шара  жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді, қаламгер шығармашылығын дәріптеуді көздеді.

    Ақынның өмір жолына тоқтала кетсек, Нәби Рысбеков 1960 жылы Қарқара ауылында дүниеге келген. Осындағы Қарқара орта мектебін бітірген соң, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған. Өлеңді өміріне өзек еткен Нәби ­Сатылғанұлы қазақтың маңдайалды ақындарының бірі, Халық жазушысы Қадыр ­Мырза Әліден бата алған. Қадыр ақынның алғысөзімен «Зулайды өмір, зулайды» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрген. Ал 2019 жылы «Бидайшы баба» атты шежіре кітабы оқырманға жол тартқан.
    Нәби Сатылғанұлы Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде тілші болды, радиохабарларын тарату бөлімінде еңбек етті. Ауданның архивін құрып, мұрағат мекемесіне біраз жыл басшылық жасады. «Қарқара» экологиялық бекетінде қызмет атқарды. 1993 жылдан кәсіпкерлікпен айналысып келеді.
    Кеште қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнесюжет көпшілік назарына ұсынылды. Тасашы орта мектебінің оқушысы Дәулетжан ­Бахарбек кеш қонағына арнауын айтса, 7-сынып оқушылары Зере, ­Шырайлым, ­Кәусар, Аружан, Айару, Шадияр ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
    – Мұндай тағылымдық кештің әсіресе өскелең ұрпаққа, жастарға берер тәлімі зор. Себебі бүгінгі басқосуда ұлағатты сөздер, терең ойлар айтылды, – деді Кеген аудандық Мәдениет үйінің директоры, ақын Ернат Ысқақ өз сөзінде.
    Кездесуде ақынның өзі де лебіз білдіріп, шығармашылыққа келуі, өлең мен өмірі жайлы сыр шертті. Жастарға арнап жалынды жырларын оқып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Әдеби кеш сыр-сұхбатқа ұласып, ақын оқырман тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
    Кеште ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері ән шырқады. Шара соңында ауыл әкімі Ерболат Төребаев ақынға құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстаса, ұйымдастырушылар иығына шапан жапты.
    Тағылымды кеште айтылған әсерлі әңгіме, сырлы сұхбат, орамды ойлар талай жанға рухани азық болғаны сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қамқор еді халқына

    Зәкең екі сөйлемейтін

    7 months ago
    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    2 years ago
    ЖАҚСЫНЫҢ ІСІ – ШАМШЫРАҚ

    ЖАҚСЫНЫҢ ІСІ – ШАМШЫРАҚ

    1 month ago
    Алматы облысында 2024 жылы 24 мыңға жуық бала өмірге келді

    Алматы облысында 2024 жылы 24 мыңға жуық бала өмірге келді

    4 months ago

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазартылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.