❄️
-1°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саяжай статусы өзгереді

    08.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Саяжай статусы өзгереді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Биыл Қонаев қаласындағы бірқатар саяжайға шағынаудан мәртебесі беріледі. Былтыр «Строительная» саяжайы шағынауданға айналып, атауы «Құрылысшы» болып өзгертілді. Мұнда бірқатар жұмыс атқарылған.

    Атап айтқанда, шағынауданның электр желілері толығымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ иелігіне өтті. Нәтижесінде халық табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тариф бойынша электр энергиясына ақы төлеп отыр. Сондай-ақ бұл шағынауданға ауызсу және кәріз суы құбырларын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша көшені жарықтандыру бағаналары ауыстырылып, футбол алаңы салынуда. Бұл өз кезегінде ыңғайлы орта қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді.
    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, биыл бірнеше саяжайға шағынаудан мәртебесін беру жоспарланған. Бүгінгі таңда «Құрылысшы» шағынауданының тәжірибесіне сүйене отырып, 7-ші саяжайдағы трансформаторлар мен электр желілерін ТҮКШ бөліміне өткізу процесі жүріп жатыр. Бұл іс-шаралардан соң желілер «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беріледі. Аталған компания күтіп-ұстауға жауапты болады. Нәтижесінде жарықтың жиі өшуі мәселесі шешіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, барлық саяжайды газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр.
    Асхат Бердіханов Бас жоспарға қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен де бөлісті. «Қала аумағында 7 саяжай қалды. Қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы бөлімі кооперативтердің басшыларымен бірлесе отырып, жерді, ғимараттарды, инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын түгендеу жұмысы жүргізілуде. Бас жоспарға саяжайлар бойынша түзетулер енгізілді. Енді оны Үкімет бекітуі тиіс. Бұл құжатқа сәйкес, қазіргі саяжайлар аумағында әкімшілік, әлеуметтік нысандарды, кәсіпкерлік ғимараттарын, көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген», – деді әкім.
    Саяжайлардағы инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар бірнеше жыл бойы жүргізіліп, түйткілдердің түйіні кезең-кезеңімен тарқатылады деп жоспарланған.

    Ақерке Жұмағазықызы
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Министр: Алматы облысында жүрген көшкіннің жай-жапсары тексеріледі

    Министр: Алматы облысында жүрген көшкіннің жай-жапсары тексеріледі

    3 years ago
    Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады

    Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады

    9 months ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматы облысында жер сілкінді

    2 years ago
    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    1 year ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>