⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұмаудан сақтаныңыз!

    10.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Тұмаудан сақтаныңыз!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмайылов тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың алдын алу бағытындағы шаралардың маңызы жайлы сөз қозғады.

    Жыл сайын күз бен қысқы маусымда, әсіресе желтоқсан-ақпан айларында тұмаумен сырқаттанушылардың көбеюі байқалады. Елімізде вирустың жаңа штаммдарын анықтау түрінде тұмау мен тұмау тәрізді ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың жеткілікті тиімді жүйесі қамтамасыз етіледі.
    – Эпидемияға қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында жыл сайын қазан айынан бастап, апта сайын жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылық жағдайына, тұмау вирусы айналымына 1 желтоқсан мен 30 сәуір аралығында күнделікті мониторинг жүргізіледі, – деді Марат Әділжанұлы.
    Баяндамашының айтуынша, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда науқастанғандардың саны 36 пайызға азайған. Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қаласында таралу көрсеткіші жоғары. Тұмау вирусының түрлерінің айналымын анықтау мақсатында ЖРВИ айқын белгілері бар 400-ден астам сырқатқа зерттеу жүргізілгенде, 20 пайыз тұмау, 12 пайыз парагрипп, 12 пайыз аденовирус, 10 пайыз риновирус, 28 пайыз коронавирус, 38 пайыз РС вирус анықталған.
    – Қытай Халық Республикасында өршіп жатқан метапневмовирусқа келетін болсақ, бұл – 2001 жылы анықталған типті респиарторлық вирустың бірі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тек АҚШ-та жыл сайын 5 жасқа дейінгі 20 мыңға жуық бала осы вируспен ауруханаға жатқызылады. Вирус жас балалар, қарттар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін өте қауіпті. Аталған инфекцияның арнайы емі жоқ. Емдеу симптомдарды жеңілдетуге бағытталған. Бүгінге дейін облыс аумағында метапневмовируспен науқастанғандар тіркелген жоқ, – деді облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
    Одан әрі сөзін сабақтаған Марат Исмайылов тұмау және басқа респираторлық асқынулар егде жастағы адамдар үшін ең қауіпті екенін қаперге салды. Ол 65 жастан асқан науқастарда тұмаудың асқынуы 80-90 пайыз болатынын иммундық жүйенің жасқа байланысты әлсіреуінен және созылмалы аурулардың болатынымен байланыстырды. Иммундық жүйенің жетілмеуіне байланысты нәрестелерде де асқынулар жиі кездесетінін және жүкті әйелдердің осы қауіпті топқа жататынын айтты.
    Тұмау мен оның асқынуын емдеуге қарағанда алдын алудың тиімділігін алға тартқан Марат Әділжанұлы бұл індетпен күресу эпидемиялық маусым басталғанға дейін және симптомдар пайда болған кезде де жүзеге асырыла беретініне баршаның назарын аударды. Сондай-ақ екпе алу тұмауға қарсы антиденелердің пайда болуына ықпал ететінін және аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі екенін айта келе, облыста эпидемиялық маусым басталғанға дейін халықтың 10 пайызы тұмауға қарсы вакцинациямен қамтылғанын хабардар етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлытау облысында Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады
    10.03.2026
    Қазақстандағы республикалық референдумды байқау үшін 359 халықаралық байқаушы аккредиттелді
    10.03.2026
    Референдумға дайындықтың соңғы кезеңі: Орталық комиссия Қазақстан өңірлерінің дайындығын тексерді
    10.03.2026
    Референдум-2026: Дауыс беру учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға бейімделуде
    10.03.2026
    Қазақстанда референдумға дайындық аясында 71 мыңнан астам адам оқытылды
    10.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>