🌫️
-6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Оқырманға жол тартты

    20.01.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Оқырманға жол тартты
    0
    SHARES
    130
    VIEWS

          Қонаев қалалық Мәдениет үйінде ақын, композитор, Қазақстан Жазушылар одағы және Халықаралық айтыс ақындары, жыршы-термешілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмаровтың «Алтын бесік» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Рухани шараға Қазақстан Жазушы­лар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов бастаған белгілі ақын-жазушылар, өнер иесінің әріптестері мен достары, Қонаев қаласының әдебиетсүйер қауымы қатысты. Кеш шымылдығы ақын өлеңдерінен тұратын сахналық қойылыммен түрілді. Ағаш бесік пен жер бесік арасындағы адам ғұмы­рының әр кезеңін бейнелеген, сол бір өмір белестеріне байланысты ұлтымыздың дүниетанымы мен әдет-ғұрпы айшықталған көрініс көрермен көңілін толқытты. Одан кейін Іле ауданы «Ақши» халық театрының әртістері ақын жырын нақышына келтіріп орындады. Бірі махаббат тақырыбын арқау еткен өлеңдерін мөлдіретіп оқыса, енді бірі туған жеріне арнаған туындыларын жатқа айтып, елді сүйінтті.
    Бұдан кейін Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Алматы облысының Құрметті азаматы Ахмет Кендірбекұлы, ақын, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы жаңа кітаптың тұсауын кесіп, жүрекжарды лебіз­дерін жеткізді. Ең алдымен Мереке Әбдешұлы: «Ақсу – қазаққа аты мәлім қобызшы Молықбай, жыр жампозы Ілияс, сұлу сөздің иесі, ақын Сара сынды саңлақтардың туған топырағы. Осындай қасиетті жерден түлеп ұшқан Төлеужан Нүсіпжанұлы да поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасымен танылған ақын. Қаламгердің жаңа кітабы оқырмандарға рухани нәр сыйлайды деп сенемін», – дей келе, ақынды Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған төсбелгімен марапаттады. ҚР Мәдениет қайраткері Ахмет Кендірбекұлы мен облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев кеш иесінің адами болмысы мен кәсіби біліктілігін тілге тиек етті. Данияр Әлиев өнер иесіне аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің арнайы құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті. «Төлеужан Ғұмаров – талантты ақын, дарынды сазгер ғана емес, өңіріміздің мәдениет сала­сын өрге сүйреп жүрген білікті маман, үздік ұйымдастырушы. Ол облысы­мыздағы руханият пен мәдениеттің қайта түлеуіне зор еңбек етті. Өнер иесі осы салада талмай тер төгеді деген сенім­деміз», – деді басқарма басшысы Данияр Абзалиденұлы.
    Кеш барысында Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі әнші Арайлым Рахым­қызы, Сүйінбай атындағы облыс­тық филар­мония мен «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің өнерпаздары сазгер туындыларымен сахнаны сәнге бөледі. Сондай-ақ үзеңгілес дос-бауырлары да ақынның кешінде орта толтырып, оның шығар­ма­шылығына сәт-сапар тіледі.
    Айте кетсек, Төлеужан Ғұмаров­тың «Алтын бесік» кітабы облыс әкімдігінің қолдауымен қазақ-өзбек тілдерінде 1000 данамен жарық көрді. Кітапты өзбек тіліне Түркістан облысы Келес ауданы Т.Бегманова атындағы №8 жалпы орта мектеп мұғалімі, халықаралық «Миртемир» сыйлығының лауреаты Робия Дустанова аударған. Бүгінде Төлеужан Ғұмаров 60-қа жуық ән мен бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол қазіргі таңда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдени шаралар, мониторинг және жоспарлау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Үнді елімен әріптестік нығаяды

    Үнді елімен әріптестік нығаяды

    6 months ago
    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    2 years ago
    “Ұзынағаш-Отар” жолының 140-тан аса шақырымын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады

    “Ұзынағаш-Отар” жолының 140-тан аса шақырымын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады

    3 months ago
    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады

    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады

    2 years ago
    МӘМС жүйесіндегі өзгерістер

    МӘМС жүйесіндегі өзгерістер

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>