-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Офицерлер ардагерге құрмет көрсетті

    31.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Офицерлер ардагерге құрмет көрсетті
    0
    SHARES
    46
    VIEWS

    2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу жөніндегі “Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласы Заречный ықшам ауданында орналасқан 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қонаев қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Оксана Бетебаеваның үйіне барып, мереке қарсаңында құттықтап қайтты. 3660 әскери бөлімі алдымен Қонаев қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке барып гүл шоқтарын қойып, «Мәңгілік алау» алдында тағзым етті.
    Биыл кейуана мерейлі 105 жасқа келеді. Жылдағы дәстүрге сай жылы тілектерін айтып, сый-құрмет көрсетті. Оксана Бетебаева 1920 жылы Украинада туған. Украина КСР Полтава облысының тумасы, жеті жылдық мектептен кейін медициналық училищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін Петрово-Роменск аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс істеді. 1941 жылы шілдеде 20 жасында Оксана Демидовна әскерге шақырылып, Полтава қаласының №1668 әскери госпиталінде қызмет етті. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Жуков медалі және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін қазақ азаматымен тағдыр қосқан. 1958 жылы Жаркентке көшіп келіп, кейін жұмыс бабымен қазіргі Қонаев қаласына (Қапшағайға) ауысқан. Ардагер Оксана Бетебаева зейнет жасына шыққанша мектепте медициналық зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ол Қонаевтағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері.
    Ардагерге аса құрмет көрсетіліп гүл шоқтарымен қатар тәтті торттарын сыйға тарқандар қатарында 3660 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығы капитан Елдес Қазыбек, клуб бастығы капитан Медет Байсапаров және тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бір топ офицерлері барды. Соғыс жылдарында ол жарақат алған офицер Бекежан Бетебаевпен кездесті. Кейін оған үйленді. Фашистік Германияны жеңгеннен кейін жас жұп Қазақстанға келді. Қазір Оксана Демидовна Қонаевта туыстарымен бірге тұрады, ол – қала тұрғындарының тірі аңызы мен мақтанышы.

    Әлия Абдыгалиева, лейтенант, 3660 әскери бөлімінің

    тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімше бастығының аға көмекшісі

    Ұсынымдар

    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Жастарға жұмыс ұсынылды

    Алматы облысында 3 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

    10 months ago
    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    8 months ago
    АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы

    АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы

    8 months ago
    Жеңіс тұғырынан көрінді

    Жеңіс тұғырынан көрінді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.