⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіптік білімнің аясы кең

    31.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіптік білімнің аясы кең
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

          Еңбек нарығында жұмысшы мамандары сұранысқа ие. Биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп атау да дер кезінде қабыл­данған шешім екені сөзсіз. Жылдан жылға қатары азайып бара жатқан жұмысшы мамандардың қоғамдағы мәртебесін арттырып, жастар арасында кеңінен насихаттау, әрі білікті кадр даярлау сынды бірқатар мәселе шешімін тауып, бұл саладағы жұмыс жолға қойылары анық. Осы орайда облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйінде өңірдегі Жұмысшы маман­дықтары жылының ашылу салтанаты өтті.

    Облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 40 колледж болса, оның 22-сі – мемлекеттік оқу орны. «Адал еңбек – адал табыс» деген атаумен өткен жұмысшы мамандықтарының шеруіне осы аталған колледждердің барлығы дерлік қатысып, оқу орнын, ондағы жаңалықтар мен жетіс­тіктерін таныстыратын көрмелер ұйымдастырды. Техникалық және кәсіптік колледждердегі негізгі жаңалықтың бірі – еңбек нарығындағы сұранысқа орай биылдан бастап жаңа мамандықтардың оқытыла бастағаны. Көрме жұмысымен танысқан қонақтар салтанатты жиында бас қосты.
    Алғашқы сөз кезегін алған облыс­тық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева қонақтарды Жұмысшы мамандықтары жылы­ның ашылуымен құттықтады. Дамы­ған мемлекеттердегі қарапайым жұмысшыларға, жұмысшы маман­дық­тарына деген сұраныс­тың артып жатқанын мысал еткен басқарма басшысы мұндай тапшылық жақын арада өз елімізде де орын алмауы үшін қазірден бастап аталған сала­дағы қордаланған мәселелердің шешімін табу қажеттігін тілге тиек етті. «Оның бірден-бір жолы – жұмысшы мамандықтарының, еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуына, білім алып, біліктілігін арттыруға, еңбегінің адал бағалануына жағдай жасау. Президент тапсырмасымен 2025 жылды Жұмысшы мамандық­тары жылы деп жариялаған күннен бастап облыста осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті», – деген Салтанат Дауысбекқызы бүгінде арнайы іс-шаралар жоспары құрылып, соған сай облыстық, халықаралық деңгейдегі түрлі конференция мен тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыруға байланысты семинар-тренинг, еңбек адамының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған форум, фестивальдар өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар «WorldSkills – 2024» ұлттық чемпионатында облыс абыройын асырған білім алушылардың жетістіктеріне де ерекше тоқталды.
    Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өңірде дуальді оқыту желі­сін кеңейту, жаңа мамандықтар атласын даярлау, оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын жабдықтау және өңірге қажетті еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес гидротехникалық, мелиорация, эскалатор, лифт жасау, қашықтан басқарылатын авиация жүйесі, газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру, жиһаз өндірісі сынды жаңа бес мамандық түрін ашуға қатысты нақты жұмыс қолға алынбақ. Оған облыс бюджетінен қаржы қарастырылмақ. Басқарма басшысы алдағы үш жылға жоспар құрылып, соның негізінде колледждерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, олардың техникалық базасын қайта жаңартатындарын атап өтті. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарын қолдау мақсатында «Отбасы банкі» арқылы жұмысшы мамандарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы берілетінін де қуанышпен жеткізді.
    Еңбек адамы – ел мақтанышы. Бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлері де салтанатты кеш қонағы болды. Еңбек жолын ветеринария саласында бастап, ұзақ жыл ауыл шаруашылығында аянбай еңбек еткен Ербол Жұмаділов ақсақал сөз сөйлеп, жастарға ақ батасын берді.
    Облыстың әр ауданынан арнайы келген колледж студенттері өз маман­дықтарын танытатын қойылым­дар қойып, кәсіптік білімге енгізілген заманауи технологиялардың мүмкін­діктерін, цифрлық техно­логияның жаңашылдықтарын мамандықтар шеруі арқылы көрсетті. Ән мен күйден шашу шашты. Жанас Бекентұровтың дирижерлігімен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұлт- аспаптар оркестрі Құрманғазының күйі «Адайды» орындап, көптің қошеметіне бөленді.
    «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін шаруа» деп осыдан бір ғасыр бұрын Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов айтпақшы, икемі, білімі мен білігі бар мамандарға сұраныс әрдайым жоғары. Ендеше, сұранысқа сай маман даярлау – бүгінгі күннің басты талабы.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді

    Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді

    4 months ago
    Сала сапасын арттыру – ұстаз қолында

    Сала сапасын арттыру – ұстаз қолында

    1 year ago
    «Мектепке жол»: Алматы облысында 60 мың балаға көмек көрсетіледі

    «Мектепке жол»: Алматы облысында 60 мың балаға көмек көрсетіледі

    6 months ago

    Тұрғындар көтерген түйткілдер

    1 month ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>