-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Еңбегі ел есінде

    18.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Еңбегі ел есінде
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдас­тыруымен Шелек ауылындағы гимназияның мәжіліс залында өңірдің дамуына ерен еңбек сіңірген білгір маман, білікті басшы болған Алматы облысының Құрметті азаматы Төкен Ұзақұлын еске алуға арналған танымдық кеш өтті.

    Төкен Ұзақұлы 1939 жылы 20 желтоқсанда бұрынғы Шелек ауданы Гигант елдімекенінде дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы инсти­тутында оқып, агроном маман­дығын меңгеріп, алғашқы еңбек жолын «Шелек» жүзім кеңшарында бастаған. Шелек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы ретінде жастарға жетекшілік етті. Ал 1971 жылы жаңа­дан құрылған Ащысай кеңшарына директорлық қызметке тағайындалады.
    Бұдан кейін тәжірибесі толысқан маман Қаскелең ауданы Жандосов атындағы кеңшарды басқарады. 1979 жылдан бастап төрт жыл Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы дайындауға бақылау жасайтын мемлекеттік бас инспекторы, 1983-1986 жылдары Шелек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін де абыроймен атқарды. Өңір эконо­микасын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын заман талабына сай өркен­детуге үлес қосты.
    Т.Ұзақовтың еңбектегі жетістіктері мен жаңашылдығы ауыз толтырып айтарлықтай. Облыстың ауыл шаруа­шылығын дамытуға атсалысты. Мәселен, жүзімді бүркеу­ді, темекі өсірудегі жұмыс үрдісін механика­ландыруды, темекі жапырағын жылумен кептіру әдіс-тәсілін енгізді. Соның арқасында жоғары сұрыпты өнім алуға мүмкіндік туды. Ол Одақта алғаш рет алма сорттарын сақтауды және тамшылатып суаруды қолға алды. Ауылшаруашылық дақылдарының сапасын арттыру үшін Венгрия, Израиль және Францияның озық технологиясын пайдаланды. Сонымен қатар шаруаларды қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен субсидиялау арқылы минералдық тыңайтқыштарды, жанар-жағармайды арзандату жөнінде бастама көтерді.
    2002 жылдан құрметті демалысқа шығып, еңбегі лайықты бағаланды. Атап айтсақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Алматы облысының, Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының Құрметті азаматы атанды.
    Кеште Төкен Ұзақов туралы кітаптар, басылымдарда жарияланған мақалалар, марапаттары мен фото­суреттері қойылған көрме көпші­лік назарына ұсынылды. Алматы облысы­ның Құрметті азаматтары – Елеусіз Сұлтанғазиев пен Бешен Доғалов өткен күндерден сыр шертіп, Төкеңнің ұйымдастырушылық қабілетін сүйіне әңгімеледі. Өз ісіне жауапкершілікпен қараған білгір де білікті маман болғанын көпшілікке паш етті. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қуаныш Амантайұлы ерен тұлғаның өмірбаяны мен еңбек жолын баяндады. Шелек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов Қызыл­шарық ауылына Төкен Ұзақұлының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Шелек ауылының бір көшесі сол кісінің атымен аталса деген тілегін жеткізді. Кешке қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
    Төкеңнің ұрпақтары – Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Төкенқызы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының бөлім бастығы Данияр Төкенұлы әке туралы естеліктерімен бөлісті. Зайыбы Гауһар Зейнолла­қызы отағасының асыл қасиеттерін әңгімеледі.
    Кеш соңы гимназияның өнерлі өрендерінің шағын концертіне ұласты.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    7 months ago
    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    2 years ago
    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    6 months ago
    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

    2 years ago
    Ұлттық банк төрағасы ауысты

    Ұлттық банк төрағасы ауысты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>