-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

    24.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағы­ның мүшесі, «Дарын» мемлекет­тік сыйлығының иегері, ақын, журналист, аудармашы, әнші Ақсұңқар Ақынбабаның ата­жұртына оралғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осыған орай жер-жерде «Алтай мен Алатау арасы…» атты жеке шығар­ма­­шылық әдеби-сазды кешін өткізуде. Сондай бір тамаша кеш Қонаев қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

    Бала жастан өлеңге өзіндік өрнек салған талантты қазақ қызы ақындық жолда биік белестерді бағындырды. «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар», «Жанартау», «Жарылыс» (аударма) атты өлеңдер жинағын шығарды. Бүгінде түрік, өзбек, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуда. Еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бастап, журналистік жолда да өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ақсұңқар Ақынбаба «Ақ желкен», «Жалын» журналы, «Қазақ радиосы», «Шалқар» үнжариясында, «Қазақстан» телеарнасында да жемісті еңбек етті.
    Шығармашылық кеш ақынның «Рух» атты өлеңімен ашылды. Сахналық қойылым арқылы әдемі өрнек тапқан кешті ақын:
    Рух – мәңгі! Шайқалмас – тас тұғырым!
    Бармын әлі, жалғасуда ғұмырым.
    Жаңбырлар мен Дауылдарды аралап,
    Келдім қайта, жүрмін аман, тірімін.
    Екі дүние аралығы – кең екен,
    Аты – тәтті, дәті қатты Ел екен!
    Аласұрған жаның тыныш табатын,
    Аспан да емес, Ай да емес, Жер екен, – деген өлең жолдарымен бастады. Поэтикалық кешті ары қарай Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері – Бекежан Маясаров, Мирас Тынышбай, Жәмилә Сатымбаева, Мейірім Шараева жалғап, ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
    Кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров сөз алып, ақын қызға ізгі тілегін арнады.
    – Өмірге өлең әкелу оңай шаруа емес. Бір өлең тудыру үшін адам қаншама тер төгеді. Бір грамм алтын табу үшін 10 тоннаға дейін топырақ қазылатын болса, ақынның жазғаны да дәл сондай жанкешті еңбек. Ақынның өмірге келгендегі миссиясы бөлек. Ол өмірге жай ғана келмейді. Мыңдаған адамның тағдырын жүрегінен өткізіп, соның мұңы мен зарын, адалдығын, ақиқатын халыққа жеткізеді. Ақсұңқар қарындасымыз – еліміз егемендігін алғанда, алғашқы лекте ұшып келген рухани қарлығаштарымыздың бірі. Қандастарымызбен бірге елімізге қаншама рухани уыз, күш, мәдениет, өнер, әдебиетімізге жаңалық келді. Қандас­тарымызды атажұртқа көшіру ең дұрыс саяси шешім болды. Бүгінде бұл іс өз жемісін, нәтижесін беріп жатыр. Ақсұңқар­дың поэзиясы – өзіндік тұнық әлем. Ұйқастары шымыр, айтар ойы салмақты, салиқалы. Ақынның отты жырлары тың­дарман жүрегінен терең орын алады. Ақсұңқар ақынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Қонаев қаласы жұртшылығының атынан бүгінгі шығармашылық кешінің өтуімен құттық­таймыз! Ақсұңқардың жазары, халқына берері мол болсын! – дей келе, сый-сияпат табыс етті.
    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы­ның Алматы қалалық филиалының жетекшісі Әділбек Өмірәлі де ақжарма тілегін жеткізді.
    – Ақсұңқар Ақынбабақызының шығар­ма­шылық кеші ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Жазушылар одағының және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен былтыр Алматыда бастау алған еді. Бүгін, міне, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жалғасып отыр. Ақсұңқар Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары 17 жасында түрік халықтарының ұясы болған Алтайдан ұшып, Алатауға келді. Отыз жылдық шығармашылығын­да тәуелсіздікті, кеңістікті, жетістікті жырлады. Бұл – үлкен еңбек, жауапкер­шілік. Шабытың шарықтай берсін! Биіктен көріне бер! – деді Ә. Өмірәлі.
    Шара барысында кештің өтуіне қолдау көрсеткен Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қонаев қалалық Мәдениет үйіне Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің атынан Алғыс хат табыс етілді.
    Кеште Ақсұңқар Ақынбабаның сөзіне жазылған «Түркістаным – Тұраным» әнін «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Айбек Мұхамедәлиев шарықтата шырқады. Бір емес, бірнеше өнерді бір бойына тоғыстырған Ақсұңқар қыз «Ағажай Алтай», «Керім-ау айдай», «Сыңар аққу» әндерін әуелете орындады.
    Рухани кештен қала тұрғындары ерекше әсер алып, ақын, әнші қыздың өнеріне сүйсіне тарқасты.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    11 months ago
    Алматы облысының әкімдігі қайтыс болған марафоншы туралы түсінік берді

    Алматы облысының әкімдігі қайтыс болған марафоншы туралы түсінік берді

    2 years ago
    Өлеңмен өрілді

    Өлеңмен өрілді

    9 months ago
    Әр азаматтың даусы маңызды

    Әр азаматтың даусы маңызды

    11 months ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>