❄️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әкімдерге арналған дәріс

    24.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Әкімдерге арналған дәріс
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін атап өткен болатын.

    Сонымен қатар Мемлекет бас­шысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған.
    Мемлекеттік басқару акаде­миясының облыстық филиалының директоры Мәлік Асановтың айтуынша, 17 ақпанда еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде басталған курстың ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай онлайн түрде қатысқан. Бүгінде облыстық филиалда аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттыруда. Олар офлайн және онлайн форматта 240 академиялық сағат көлемінде дәріс алады. Оның 100 сағатын «AMANAT» партиясының саяси менеджмент академиясы ұсынған.
    – 19 ақпанда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев біліктілігін арттырып жатқан ауылдық округ әкімдеріне дәріс оқыды. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында халықпен тығыз байланыс орнату жолдарын айтты. Мемлекеттік қызметші ретінде ауылдың даму жолында дұрыс шаралар қабылдауда ауылдық округ әкімінің рөліне тоқталды. Сондай-ақ 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев дәріс оқығанын атап өткен жөн.
    Жалпы курста экономика, құқықтану саласы бойынша сарапшылар, «AMANAT» пар­тиясының саяси менеджмент академиясының дәріскерлері дәріс беруде. Сабақ барысында тыңдаушылар еліміздің стра­тегиялық және бағдарламалық құжаттары, жергілікті өзін-өзі басқару, бюджеттеу және ре­сурстарды басқару мәселелерін зерделеуді үйренеді. Ауылдық округ деңгейінде бюджетті жоспарлау және бөлу принциптерімен және мемлекеттік сатып алу, салық салу негіздерімен танысады, – деген Мәлік Назымбекұлы курстың алғашқы аптасында әкімдердің жұмыс кезінде жиі жіберетін кемшіліктерді болдырмау және оны шешу жолдары қарастырылып, жасанды интеллект, цифрлық құзыреттілік пен электронды мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ақпарат берілгенін тілге тиек етті.
    – «Әкімдер мектебі» жобасы аясында бүгінге дейін 40 акаде­миялық сағат көлемінде дәріс алдым. Өткен сабақтардан өзімді толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын таптым. Әсіресе жер мәселесі бойынша сауалдары­мыз көп болған еді. Бұл тұрғыда дәріскерлер қажетті мағлұмат­тарға қанықтырды. Бағдарламаға қатысқаныма өте қуаныштымын, – деді Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова.
    Аталған курста коммуналдық меншікті басқару, экология­лық мәселелер, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту тақырыптары да қамтылмақ. Оқыту курсында әкімдер мем­лекеттік басқарудағы цифрлық технологияларды, электронды қызметтер мен басқарушылық шешімдер қабылдауды меңгеріп, шеберліктерін шыңдайды. Соны­мен бірге тәжірибелі сарапшылар практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар мен тренингтер өткізеді. Ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқыту курсы 13 мамырда аяқталады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Аудандық кілемнен әлемдік тұғырға дейін

    Аудандық кілемнен әлемдік тұғырға дейін

    1 month ago
    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    2 years ago
    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    Ескеретін жайлар баршылық. Облыс әкімінің Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуі қалай өтті?

    3 years ago

    Заманауи емхана ашылды

    2 years ago
    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға шақырады!

    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға шақырады!

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>