-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қаламгерлерге құрмет

    26.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Қаламгерлерге құрмет
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі қаламгерлерді қолдау меморандумына қол қойып, Қазақстан Жазушылар одағы мүшелеріне грант бөлу, кітаптарын шығару жоспарланған-ды. Сондай-ақ ауылдан шыққан қаламгерлерді мектеп оқушыларына таныстыру іс-шаралары да қарастырылған болатын.

    Осыған орай, Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылындағы Социалистік Еңбек Ері Алтынбике Бертаева атындағы орта мектепте Шелек өңірінде туып-өскен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Иминжан Тохтияров пен Авут Масимов және  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Анарбек Бердібаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

    Ауыл әкімдігінің қолдауымен мектеп ұжымы ұйымдастырған «Өнерімді еліме арнаймын» атты кездесуде қаламгерлердің өмірбаяны мен шығармашылығы жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, Байсейіт ауылының тумасы, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Иминжан Исмайылұлы оншақты жыр жинақтың авторы. 200-ге жуық ән мәтінін жазуымен де танымал. Ақын Шөмішбай Сариевтің  «Дүниені жалт қаратсам деп едім» атты кітабын ұйғыр тіліне аударған.

    Ал балалар жазушысы Авут Масимов Қаратұрық ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының ұйғыр әдебиеті бойынша кеңесшісі.  Республикалық  «Құлагер» бәйгесінің жүлдегері.

    Қаламгер Анарбек Мөкішұлы – «Ғұмыр – көш» жыр жинағының авторы. Ұйғыр ақындарының кітабын қазақ тілінде сөйлеткен, соның ішінде Иминжан Тохтияровтың, Авут Мәсимовтің  туындылары бар. Оннан аса ән мәтінін жазған.

    Кездесуде мектеп оқушылары үш қаламгердің өлеңдерін жатқа оқыды,  ән шырқап, сахналық қойылым көрсетті. Қонақтарға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Кеш барысында халықтар достығына дәнекер болып жүрген  Анарбек Бердібаевты республикалық ұйғыр этномәдениет орталығы облыстық филиалының төрағасы Әркинжан Жумаев «Ғамхор» медалімен марапаттады. Әдеби кешке жиналған көпшілік ерекше әсер алып қайтты.

    Өз тілшіміз,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    2 years ago
    Президент бірқатар заңға қол қойды

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    3 weeks ago
    Мүгедек азаматтар  жәрдемақысы өсті

    Мүгедек азаматтар жәрдемақысы өсті

    1 year ago
    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    7 months ago
    Азық-түлік бағасы арзандады

    Азық-түлік бағасы арзандады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>