Айбол Тінәлұлы 1986 жылы туған. Білімі – жоғары, Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр, магистр, доктор дәрежелерін алған. 2018 жылы Ресей Халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорттағы менеджмент пен маркетинг» мамандығы бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университеті жанындағы Технология-экономикалық колледжінде оқытушы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының аға оқытушысы, ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, бөлім жетекшісі, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры лауазымдарында қызмет атқарған.
2024 жылдан бастап бүгінге дейін Қ.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры болды.