-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел бірлігінің ұйытқысы

    12.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология
    Ел бірлігінің ұйытқысы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыс әкімдігінде «Этностардың интеграциясын нығайту және бірыңғай ұлтты қалыптастыру» тақырыбындағы маңызды кездесу өтті.  Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған  жиынға өңірдің жетекші қоғам қайраткерлері, депутаттар және этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

    Облыс  әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан  Әбдірахымның төрағалығымен өткен басқосуда  түрлі этнос өкілдерінің интеграциясын нығайту, ұлттық бірлікті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланады. Жиында алғашқы болып сөз алған  облыстық мәслихаттың депутаты, ҚХА депутаттық тобының мүшесі Сергей Горяной Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы  маңыздылығына тоқталды.

    – ҚХА құрылған 30 жыл ішінде еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды шаралар мен бастамалар жүзеге асты. Соның арқасында Ассамблея көптеген түрлі дін мен мәдениеттен тұратын ұлттардың бейбіт өмір сүруінің маңызды құралы бола білді. Қазақстанда ұлтаралық келісім мен бірліктің бірегей моделінің қалыптасуы мен дамуы бірнеше негізгі кезеңдерден өтті. Бүгінде Ассамблеяның этносаралық өзара іс-қимыл жетістіктері толеранттылық, құрмет пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделгені еліміздің одан әрі өркендеуінің кепілі бола түсті, – деді Сергей Горяной.

    Келесі кезекте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаевқа сөз берілді. Ол өңірдегі келелі істің  ұйытқысы болып отырған ақсақалдар кеңесінің этномедиация саласында ерекше рөл атқарып келе жатқанын атап өтті.

    – Бүгінде облыс бойынша 141 ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Бір облыстық, бір қалалық, 9 аудандық, 130 ауылдық округте құрылған ақсақалдар кеңестері мүшелерінің жалпы саны 1200-ден асады. Өткен жылы облыс көлемінде  барлық деңгейдегі ақсақалдар кеңесінің мұрындық болуымен 200-ге  жуық  шара ұйымдастырылды. Әкелер институтын дамыту мақсатында Ұйғыр ауданында «Әке – тәрбие тамыры», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», Іле ауданында «Ұлт және дін», Еңбекшіқазақ ауданында «Үлкенге ізет, кішіге құрмет», «Әкені қаншалықты ардақтаймыз?» атты шаралар, Райымбек пен Балқаш аудандарында шахмат және тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. Ақсақалдар – қоғамдағы рухани тірек. Олар – ұрпақтан-ұрпаққа даналық пен салт-дәстүрді жеткізуші. Халқымыз ежелден үлкенді сыйлау, ақсақалдардың ақыл-кеңесіне құлақ асу арқылы қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтаған. Облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесі қоғамдық мәселелерді шешуде ерекше маңызға ие. Қазіргі кезде этносарлық қатынастардың дұрыс реттелуі – маңызды мәселе. Әрбір этнос өзара сыйластық, түсіністік пен ынтымақтастық негізінде өмір сүруі тиіс, –  деді ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев.

    Өз кезегінде сөз алған «Қазақстандық ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» ҚБ Алматы облысындағы филиалының төрағасы Аркенжан  Жұмаев,  «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық өкілдігінің төрағасы Вера Плетнева, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты, аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Станқұлова аталған өңірлік құрылымдар атқарған ауқымды іс пен игі жобаларды атап өтті.

    Жиынды қорытындылаған Нұрлан Ерғалиұлы  тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау бағытында ҚХА-ның құрылымдық бөлімшелерінің үлкен жұмыс атқарып жатқанына тоқталды. Сонымен бірге Мемлекет басшысының маңызды бастамаларын толық қолдай отырып, ортақ күш-жігермен елімізді гүлденгендіру жолында жұмыс істеу керегін айтты. Әсіресе ҚХА-ның өңірлердегі  қызметін жүйелеуге басымдық беру қажет екенін жеткізді.

    Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында облыс көлемінде көптеген іс-шара ұйымдастырылады.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    1 year ago
    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    5 months ago
    Мамандық таңдау маңызды

    Мамандық таңдау маңызды

    1 year ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>