-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұстаз – ұлттың діңгегі

    12.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұстаз – ұлттың діңгегі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсұлтанова Қонаев қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекованың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Мей­ман­дарын жарқын жүзбен қарсы алып, төрге оздыр­ған ардагер-ұстаз өзін елеп-ескеріп, мерекемен құттықтап келіп жатқан аймақ басшы­сы мен басқа да қонақтарға жүрекжарды алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

    Марат Елеусізұлы Дәметкен апай­­дың зейнеткер болса да, аналар­дың басын қосып, қоғамдық жұ­мыстарға белсене атсалысып жүргеніне ризашылығын білдірді. Сонымен бірге Дінмұхамед Қонаевтың есімін еншілеп, облыс орталығы мәртебесін иеленген қаланың Бас жоспары мен кешенді даму жоспары аясында атқарылатын ауқымды жұмыс жайынан хабардар етті.
    Дәметкен Таласбекқызы Қонаев қаласының тұрғыны болғанына жарты ғасырдан асқанын, өзінің осы шаһарда тұңғыш қазақ мектебінің ашылуына ұйытқы болғанын тілге тиек етті.
    – Ол кезде қала тұрғындарының 20 пайыздайы ғана қазақ ұлтының өкілдері болатын. Оның ішінде ана тілін еркін меңгергендері де көп емес еді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап ұлттық мүддені жоғары қойған азаматтар ынталы топ құрып, қалада қазақ мектебін ашу жайлы бастама көтергенбіз. Еңбегіміз зая кетпей, 1990 жылы 30 шілдеде халық депутаттары Қапшағай қалалық кеңесі атқару комитеті «Қазақ мектебінің ашылуы туралы» шешім қабылдады. Қонаев қаласындағы алғашқы қазақ мектебі №2 орыс мектебінің бұрынғы шеберханасында орналасты. Онда небәрі 8 сынып бөлмесі болды. Кеңес одағы тарағаннан кейін орыстар­дың көпшілігі қоныс аударып, орыс мектептеріндегі оқушылар саны азая бастады. 1999 жылы №3 мектептегі оқушылар №4 орта білім шаңырағына түгелдей көшіріліп, №3 оқу ошағы таза қазақ мектебі болды. Оған дейін әлгі 8 бөлмеге сыймаған қазақ сыныптары өзге мектептер мен балабақшаларда бөлініп оқып жүрген еді, – деп сол бір кезді еске алды Қонаевта ашылған тұңғыш қазақ мектебінің алғашқы директоры болған Дәметкен Нүсіпбекова. Сондай-ақ орыс мектебінің нұсқасын негізге ала отырып, жан-жақтан жиналған, білім деңгейі әртүрлі қазақ балалары­на білім беру оңайға соқпағанын, қалада қазақ мектебінің ашылғанына қуанған намысты азамат, сол кездегі «ТяжСтрой» мекемесінің басшы­сы болған Мұхтар Айсауытовтың демеушілік көмегін аямағанын айтты. Қалалық аналар кеңесінің төрағасы ретінде атқарып жатқан жұмыстар жайын да баппен баяндады. Бүгінде немерелерінің қызығын көріп отырған Дәметкен апай өзін құттықтап келген қонақтарға риясыз алғысын жаудырып, жылы қоштасты.

    Күнжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Тауарын экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

    Тауарын экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

    2 months ago
    Іс қағаздары қашан қазақшаланады?

    Іс қағаздары қашан қазақшаланады?

    5 months ago
    Президент: Конституциялық реформ арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

    Президент: Конституциялық реформ арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

    2 years ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды 

    5 months ago
    Бумеранг

    Бумеранг

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>