-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?

    14.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Құқық-заң
    Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлімдегендей, мұндай қызметтер меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың барлығында жұмыс істейді. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады).

     

    Бұл қызмет немен айналысады?

    Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі (ПҚІСҚ) медициналық көмекті ұйымдастыру мен медициналық ұйымның клиникалық қызметіне талдау жүргізіп, медициналық көмекті көрсету тәртібі мен стандарттарының бұзылуын, медициналық жағдайлар немесе медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтап, азаматтардың өтініштерін қарайды. («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабы, 3-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес).

    ПҚІСҚ «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Ол даулы жағдайларды шешуге, пациенттердің құқығын қорғауға, қажет медициналық көмекті алуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі туралы кеңес беріп, дәрігер тағайындауына қатысты сұрақтарды түсіндіреді.

    «Қор пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруда. Себебі олардың қызметі медициналық көмектің сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейіне әсер етеді. Барлығы бірдей жоғары инстанцияларға ресми өтініш жолдап, жауап күткісі келмейді. Сондықтан осындай жағдайларда пациенттің уақытын жоғалтпай, мәселені тікелей медициналық ұйымның ішінде шешуге мүмкіндік беретін қызмет жұмыс істейді. Мамандар жағдайды мұқият зерттеп, ең тиімді шешімді табады», – деп атап өтті ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

    Егер сұрақ қосымша қарауды қажет етсе немесе қызмет оны шеше алмаса, азаматтар өңірлік денсаулық сақтау басқармасына немесе ӘМСҚ-ға төмендегі цифрлық сервистер арқылы жүгіне алады:

    • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

    • Telegram-бот @SaqtandyryBot;

    • Қордың ресми сайты: https://msqory.kz/.

     

    Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгінуге болады?

    – Шұғыл көмек алу немесе учаскелік дәрігерге қаралу үшін сақтандырылған мәртебеңізді талап етсе;

    – Учаскелік дәрігер болмағандықтан, қабылдауға кіру мүмкін болмаса (мысалы, жұмыстан шығып кеткен, ауырып қалған немесе қабылдауды тоқтатқан);

    – Учаскелік дәрігер/мейірбике/фельдшер үйге шақыртуға бармаса, ал сіз осы емханаға тіркелген болсаңыз;

    – Емханада бейінді маман болмаса немесе оның кеңесіне бір ай бойы жазыла алмайсыз десе;

    – Медициналық көрсеткіштер бойынша тиесілі диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама ала алмасаңыз;

    – Талдау нәтижелерін көрсетпесе;

    – Қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытса немесе өзін лайықты ұстамаса;

    – Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

    – Қойылған диагноз немесе тағайындалған емге күмәндансаңыз;

    – Дәрігер тағайындауы түсініксіз немесе тағы сұрағыңыз болса;

    – МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді және жарналарды қалай төлеу керектігін білмесеңіз;

    – Медициналық жазбаларыңызда қате ақпаратты немесе жалған жазбаларды анықтасаңыз;

    – Жалпы медициналық ұйымның немесе қызметкерлердің жұмысына қанағаттанбасаңыз және басқа да жағдайларда жүгінуге болады.

    Көптеген жағдайлар жазбаша шағым түсіруді қажет етпейді, олар қызмет мамандарының әрекетімен сол жерде шешіледі.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқығын қорғауға белсенді болуға шақырады. Себебі уақытылы жүгінген кезде әділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға да ықпал етеді.

    Ұсынымдар

    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    7 months ago
    ӘКЕ ЖОЛЫ

    ӘКЕ ЖОЛЫ

    7 days ago
    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    1 year ago
    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    7 months ago
    Саймасай ауылында өрт болып, 2 адамды күйік шалды

    Саймасай ауылында өрт болып, 2 адамды күйік шалды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.