-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қос алыптың мұрасы

    27.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Руханият
    Қос алыптың мұрасы

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Қос алыптың рухани мұрасы» атты ерекше әдеби-сазды кеш өтті. Сүйінбай мен Жамбыл шығармашылығын арқау еткен шараны мектеп ұжымы өткізді.

    Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейі бұл шараға үлкен дайын­дықпен келгені аңғарылды. Рөлге еніп, кейіпкерді шынайы сомдау, қос ақынның жырларын мүдірместен мәнерлеп оқу, айтысты орындау, әдемі сахналық киімдері бір-бірімен жарасымды үйлесім тауып, көрерменді театрда отырғандай сезіндірді. Білім ұясының жас мамандары мен 70 оқушысы қатысқан қойылым бас-аяғы жұп-жұмыр байланысқан оқиға желісімен бір демде қызыға тамашаланды.
    Халыққа рухани азық сыйлаған көркем дүниеге ұйытқы болған – қарымды қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, публицист, халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Күмісжан Байжан. Сондықтан алдымен Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың жазушыға деген ықылас-тілегін орынбасары Әділбек Қамбарұлы жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.
    Бірінші көрініс бір топ оқушының Жамбыл мұражайына саяхатымен басталды. Кезінде ақын ауылындағы мектепте бірге оқып, кейін есімі белгілі қаламгерлерге айналған Күмісжан Байжан, Молдахан Мұқатаев, Нағашыбек Қапалбекұлы, Рафат Әбдіғұл және Жұмабай Шаштайұлының балалық шақтарын оқушылар сәтті сомдады. Солар болып Жамбылдың өлеңдерін жатқа оқыды.
    Келесі көрініске Жамбылдың ұстазы – Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы арқау болды. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы сахналанып, жыр сүлейінің қырғыз ақынын сөзден қалай ұтқаны бейнеленді. Айтыстың Халық ақыны Әсімхан Қосбасаров айтып қалдырған нұсқасы орындалды. Оны өткен ғасырдың аяғында Күмісжан Байжан Әсімхан ақынның өз аузынан жазып алған.
    Жамбыл мен Айкүмістің айтысы да өзінше әсерлі. Ұлттық киімде жарқырап шыққан жастар қыз бен жігіт айтысының көрігін қыздырды. Сол сияқты Жамбыл мен Құлмамбеттің сөз қағысы да айшықты сахналанды.
    Қойылымнан кейін белгілі жазушы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлы көп­шілік алдында сөз сөйлеп, академия­лық театр әртістерінің өнерін тама­ша­лағандай әсер алғанын сүйсіне жеткізді. №1 мектеп-лицейден келешекте талантты өнер тарландары шығатынына сенім білдірді. Көрермен тарапынан ендігі жерде «Қос алыптың рухани мұрасы» ауылдарды аралап қойылса деген ұсыныс-тілек айтылды. Гүлфайруз Бұхатова басқаратын білім шаңыра­ғының ұжымы мен өнерлі оқушыларының еңбегі атап өтілді.
    – Қазақтың ақындық өнерінде Жамбыл бабамыздың орны айрықша зор екенін тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан ұлы ақын, ХХ ғасырдың Гомері, халық поэзиясының феномені атанған Жамбыл жайлы бірауыз сөз айтып, мақала жазбаған әдебиетші, журналист кемде-кем. Соған қарамастан жыр алыбының асыл мұрасы толық зерттелді деп айта алмаймыз. Сан ғасыр өтер, табиғат тазарып, талай ұрпақ алмасар, бірақ Сүйінбай мен Жамбылдай жыр сүлейлерінің есімі ұрпақ жадында жаңарып, жаңғырып отыратыны кәміл! – деді сценарий авторы Күмісжан Байжан.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    2 years ago
    Қонаевта жағажайдағы самбодан ел біріншілігі аяқталды

    Қонаевта жағажайдағы самбодан ел біріншілігі аяқталды

    2 years ago
    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    1 year ago
    Ала доп бәсекесі

    Ала доп бәсекесі

    4 months ago

    Заң бұзушылықпен күресті күшейтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.