-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғалымға құрмет

    02.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ғалымға құрмет
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күнінде Райымбек ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша, аудандық мәслихаттың шешімімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жас ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге, әдебиет және журналистика саласында көркем туындылар жасауға, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосқан Әлғожа Разықұлұлы мен Әбдіқадыр Жанбаев сияқты қарапайым еңбек ардагерлеріне және белгілі шығыстанушы ғалым, қарымды қаламгер Дүкен Мәсімханұлына «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

    Дүкен Мәсімханұлы 1963 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің түлегі. Үрімжі қаласындағы ШҰАР гуманитарлық ғылымдар академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы шақыруымен тарихи Отанына оралып, аталған оқу орнының шығыстану факультетінде ұстаздық етті.

    Бұдан кейін Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қытай филологиясы кафедрасын, Қытайтану ғылыми-зерттеу институтын басқарды. 2020 жылдан ҚРҒЖБ министрлігі Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры қызметінде. «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлт-азаттық идея (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)», «Қазақ және қытай әдебиеттеріндегі ұлттық дәстүр мен жаңашылдық (М. Әуезов және Лу Шун шығармалары негізінде)» атты ғылыми еңбектердің авторы. Ғалымның ғылым және әдебиет саласындағы 40-тан астам кітабы жарық көрді.

    Дүкен Мәсімханұлы ұлт жанашыры, қоғам қайраткері ретінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласып келеді. 2003-2019 жылдары ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болды. 2019 жылдан республикалық «Отандастар қоры» жанындағы қандастар және көші-қон мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының, 2021 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі болып тағайындалды.

    Марапаттарыңыз құтты болсын!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    11 months ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    4 months ago
    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    1 year ago
    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    2 years ago
    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.