-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жазушы әлеміне саяхат

    10.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Жазушы әлеміне саяхат
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департа­ментінің қызметкерлері «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы аясында Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы К. Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы барды. Соғыс алапатын басынан кешіріп, туған жеріне жеңіспен оралған қазақ детективінің атасы Кемел Тоқаевты ұлықтауға арналған шараны аталған депар­тамент «Генералдар кеңесі» респуб­ликалық қоғамдық ұйымы­мен бірлесе ұйымдастырды.

    Көрнекті жазушы К.Тоқаев атын­дағы орта білім шаңырағында өткен іс-шараға «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы президиумының төрағасы, генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойын­ша департаментінің бастығы, полковник Ә.Каюпов, Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының кеңесшісі Н.Нұрғазин, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының төрағасы, запастағы полковник А.Мұңалбаев қатысты. Сонымен қатар, жиынға тартылғандардың қатарында департаменттің сержанттарды даярлау мектебінде кәсіби біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп жатқан әскери қызметшілермен бірге «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері болды.
    Алдымен жазушы атындағы мектеп­тің мәжіліс залында өткен алқалы жиынға жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген департамент бастығы Әлібек Каюпов: «Кемел Тоқаев – жазушы ғана емес, батыр, әділет­тілік пен адалдықтың символы. Оның өмірі мен шығармашылығы – қайсарлықтың, отансүйгіштіктің және туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі», – деп атап өтті.
    Оқырманға детектив жанрының дарабозы ретінде танымал қаламгердің соғыс тақырыбындағы көлемді туындысының бірі «Солдат соғысқа кетті» романы екені белгілі. Өйткені, қанға бөккен шайқас алаңы жан-жақты суреттеліп, арасында сарбаз күнделігімен әрленіп отыратын кітапты бойың шымырқанбай оқу мүмкін емес. Жазушының «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралы ойлар», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы ақын» повестері мен «Соңғы соққы» және «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты романдары қаламгер шығармашылығының шынайылығын айғақтай түседі.
    Мектептің мәжіліс залында өткен алқалы жиыннан кейін мектеп музейінің табалдырығынан аттаған қонақтар Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» шығармашылығы бойынша сахналанған қойылымды тамашалады. Бұдан әрі мектеп оқушылары жиынға қатысушылар үшін адалдық пен парасат суреткерінің шығармаларына негізделген «Жазушы әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.
    Маңызды шараның тағы бір ерек­шелігі, жиналған қауым жазушының кабинет-мұражайында болды. Мұнда оның шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.
    Шара соңында «Генералдар кеңесі» рес­пуб­ликалық қоғамдық ұйы­­мы­­ның төрағасы, генерал-лей­тенант Б.Сәрсеков пен департамент бастығы Ә.Каюпов бастаған мәртебелі қонақтар Кемел Тоқаев аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұдан бөлек, Әлібек Амангелдіұлы мұражайға департамент атынан шекарашылардың ел шебіндегі қызметі бейнеленген картинаны сыйға тартты.
    Жеңістің 80 жылдығына орай ұйым­дастырылған шараның маңызы зор болды. Одан тағылым алған шекарашылар көрнекті қаламгердің шығармаларын тұщына оқып, ел тыныштығын талмай күзетеді деп сенеміз.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҚР ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    3 months ago
    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда

    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда

    2 years ago
    Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат

    Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат

    2 months ago
    Алматы облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Ашықтыққа негізделген

    5 months ago
    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.