-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітап оқыған озады

    25.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Қоғам, Мәдениет
    Кітап оқыған озады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Рухани мықты елдің іргесі берік, мәдени дамыған ұлттың ұстанымы мығым болады. Осыны анық аңғарған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты кітап оқуға шақырды. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды», – деді Президент.

    Осы ойлы пікірден соң елімізде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні деп жарияланды. Биыл алғашқы рет атап өтілген бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағытта, әртүрлі жоба аясында өтті. Қарадалалық қарақұрым оқырман да айтулы шараны өз деңгейінде ұйымдастырды. Атап айтсақ, Тасқарасу ауылдық кітапханасында “Кітап – ең жақын дос” атты тәрбие сағаты, Ақтам ауылдық кітапханасында “Кітапхана түні”, Рахат ауылдық кітапханасында “Біз кітаппен біргеміз”, Тиірмен ауылдық кітапханасында “Кітап – достық амбассадоры” атты акциялар өтті. Осындай ауқымды шаралар Әл-Фараби атындағы аудандық кітапханада қорытындыланды.

    Жиналған көпшілікке көрмеге қойылған әдебиет алыптарының кітаптары таныстырылды. Көш түзеген «Кітап керуені» де жаңашылдықтың лебін еседі. Абай, Ахмет, Мұқағали, ұйғыр халқынан шыққан ақын Илияның бейнесін сомдаған әртістер де келген қонақтарға сөз өнерінің құдіретін ұғындырып, кітаптың қазына екенін танытып жатты.

    Алғашқы құттықтау сөз алған Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бұл мерекенің ерекшілігі мен құндылығына тоқталып, барша қауымды кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар кітапханадағы белсенді оқырмандар мен отбасымен кітап оқуды дәстүрге айналдырған жанұяларды марапаттады. Ал аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Жәнет Керімқұлов бұл мереке Алаш арыстарының ойымен үндес екенін  жеткізді. Өзінің жеке кітапханасындағы жүзге тарта кітапты парасат ордасына сыйға тартты. Ардагер ұстаз, ақын Мамытқан Құдайбергенов, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжахан Әликеевалар да мінбеге көтеріліп, толғамды ой, тұщымды пікір айтты. Ал ақындар Әбдіғани Асанғожа, Жазира Бақаева, Ерған Мұхамәдиұлы жырдан шашу шашты.

    Мерекелік шара балалардың жыр шумақтарымен, «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты. Кітапхана ұжымы қонақтарға «Абайдың қара сөздерін» тарту етті. Ең құнды да бағалы сыйлық осы болды бұл күні.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Радиофобиядан арылу қажет

    Радиофобиядан арылу қажет

    2 years ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Exit poll: дауыс бергендердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған

    7 months ago
    Асы жайлауындағы овсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    Асы жайлауындағы обсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    2 years ago
    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    2 years ago
    Тозығы жеткен ғимаратта өтті

    Тозығы жеткен ғимаратта өтті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.