-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әділеттің үстемдігі жолында

    26.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Руханият
    Әділеттің үстемдігі жолында
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

        Апта ортасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қарасай ауданына арнайы іссапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында жасаған баяндамасы бойынша қоғамның әртүрлі топтарымен кездесулер өткізді. Мәртебелі мейманды аудан әкімі Жасұлан Естенов қарсы алып, жиындарға қатысты.

    Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде облыс имамдарымен болған жиынды облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов  ашып, басқосудың мән-мағынасы туралы айтып берді.

    – Өздеріңізге белгілі, биыл 14 наурызда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. Ұлттық құрылтай институтының бірегейлігі – қоғаммен тікелей диалогты қолдауында және дамытуында, ал бұл өз кезегінде еліміздің әрбір өңірінің өсіп-өркендеу бағытын бағамдап отыруға мүмкіндік береді. Осы отырыста Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің ұлтымыздың арман-мұраты әділетті, қауіпсіз, таза, қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады» – деп атап өткен. Ендігі міндет осы құрылтайда айтылған өзекті мәселелерді жүзеге асыру, – деді ол өз сөзінде.

    Жиында алғашқы болып сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерғали Қошеке өлкемізде дін саласында қалыптасып отырған жайды баяндады. Алматы облысында Қазақстан мұсылмандар бірлестігіне қарасты 308 мешіт жұмыс істеп келе жатқанын айта келіп ол ислам дінінің құндылықтарын дәріптеуді мақсат етіп қойған осы құрылымдарда 499 имам қызмет ететінін және өзге де діни бірлестіктермен жасалынып жатқан істер туралы кеңінен баяндап берді.

    Келесі болып мінберге көтерілген Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов халыққа дұрыс діни білім беру, мұсылмандық мәдениетті ұрпақ санасына сіңіру, имамдарды тәрбиелеу, мешіттер қызметін үйлестіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, шариғат үкімдерін үйрету ғана емес, жан мен жүректің тазалығына жетелейтін, адамгершілік пен ізгілікті дәріптейтін ислам дінінің құдылықтары жайында сөз қозғады.

    Осыдан кейін Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз алып, әлемде қалыптасып отырған саяси-экономикалық ахуалдан бастап, оның Қазақстанға тигізер ықпалы, елге тиюі мүмкін қауіп-қатерлер турасында ойларын ортаға салды. Ол сонымен қатар Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді де кеңінен сөз етіп, ең алдымен заң мен тәртіптің үстемдік құруы қажеттігін жеткізді. Сонда ғана сыртқы жаудан, ішкі даудан арыла алатынымызды айтқан Мәлік Нұржанұлы ғылым мен білімді, қоғамдық мәдениетті, зайырлы діни ұстанымдарды қалыптастыру қажеттігіне де назар аударды.

    Еліміздің өркендеп дамуы үшін ғылым мен білімнің қажеттігі қаншалық маңызды болса, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының тигізер пайдасы туралы да пәтуәлі ойлар айтылды.

    Осыдан кейін дін өкілдері сөз алып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен ұсыныстарын ортаға салды. Бұл жерде діни  мәселелермен бірге қоғамды толғандырып отырған әлеуметтік, саяси ахуал да айтылды. Тіпті, имамдардың жағдайын жақсарту үшін мемлекеттен жалақы тағайындалып, оларға пәтер мен үй салатын жер берілсе деген ұсыныс көрініс тапты. Мәлік Нұржанұлы қойылған сауалдардың барлығына салиқалы жауап қайтарып, мән-жайды түсіндіре айтып берді.

    Осыдан кейін Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел университетіне (СДУ) барған мәртебелі мейман студент жастармен жолығып, аталған тақырыпта кең көлемде әңгіме өткізді.

    Сүлеймен Демирел университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев кіріспе сөз сөйлеп, жиынды ашқаннан кейін алғашқы сөз джиу-джитсу мен грэпплингтен спорт шебері, сондай-ақ кәсіби аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Нұрсұлтан Орынбасаровқа тиді. Ол жастардың спортқа деген құлшынысы, тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып жүрген өрендер турасында сөз қозғап, Ұлттық құрылтайда қаралған мәселелердің маңызы жайында ойларын ортаға салды. Келесі болып мінберге көтерілген джиу-джитсу және грэпплингтен әлем чемпионы Любовь Темникова екі жасынан балалар үйінде өсіп, спортқа сол кезден бой ұрғанын, өзінің жетістіктері арқылы көк туымызды көтеру бақытына ие болғанын тебірене жеткізді. Осы тұста Любовьтің таза қазақ тілінде сөйлегенін де айта кеткен жөн болар.

    Басқосу барысында егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Алтынай Жақатаева сөз алып, жастарды ғылымға тарту мәселесін сөз етті.

    Дәстүр бойынша Мәлік Нұржанұлы еліміздегі және әлемде қалыптасып отырған жағдай турасында ой бөлісіп, Ұлттық құрылтайдың қорытындысы бойынша жастардың алдында тұрған келелі міндеттер турасында кеңінен әңгімелеген. Мұнда да жиынға қатысушы жастар өздерін толғантқан мәселелерга қатысты сауалдарын қойып, өздерінің нақты ұсыныстарын жеткізген. Осыдан кейін Мәлік Нұржанұлы университет ғимаратын аралап, студенттердің жасанды интелектімен жасап шығарған туындыларымен, өзге де озық технология әдісімен жүзеге асырылған жұмыстарымен танысты.

    Түстен кейін Долан ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында пайдалануға белілген білім шаңырағына ат басын тіреген Мәлік Отарбаев алдымен жұртшылықтың қуанышына айналған білім шаңырағының ішін аралап, мектептің акт залында облыстың мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

    Облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов ашып, жүргізген жиында мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Қуанышбек, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лейла Серікбаева мінберге көтеріліп, өздері еңбек етіп жүрген саланың жатістіктері мен шешімін күткен мәселелері турасынла, еліміздің алдында тұрған келелі міндеттер мен оны орындаудың жолдары жайлы ойларын ортаға салды.

    Жиында Мәлік Нұржанұлы сөз алып, әлемдік үдерістер мен еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралар жайлы, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ету жолындағы жаба-жоспарлар турасында кең көлемде әңгімеледі.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Су қоймасындағы ахуал бақылауда – әкім

    Су қоймасындағы ахуал бақылауда – әкім

    1 year ago
    Ғасыр шежіресі

    Ғасыр шежіресі

    1 week ago
    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    2 weeks ago
    Тарихи сәтте – тарихи таңдау

    Тарихи сәтте – тарихи таңдау

    7 months ago
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>