-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл – тарихтың айнасы

    28.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл – тарихтың айнасы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Облыс орталығы Қонаев қаласында 24-25 сәуір күндері «Мемлекеттік тіл саясаты: озық тәжірибелер мен инновациялар» атты республикалық семинар өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылған рухани шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, полиция, банк саласының қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, тіл бөлімдерінің басшылары, тіл оқыту орталықтарының меңгерушілері, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.

    Алыстан ат терлетіп келген қонақтар алдымен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Артынша облыс әкімдігінің мәжіліс залында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігімен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен және «Nietfix enterprises» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

    Рухани шараның шымылдығын ашқан модератор Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметов қонақтарға жылы лебізін танытып, өңірдегі тіл саясатының даму барысына тоқталды. Алматы облысының Тіл басқармасы алғашқылардың бірі болып 2005 жылы құрылғанын және бүгінгі күнге дейін өз дербестігін сақтап келе жатқан бірегей басқарма екенін айтып, биыл басқарманың құрылғанына 20 жыл толғанын жеткізді. Ол өз сөзінде:

    – Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Бүгінде облыстағы мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу қазақ тілінде 96,2%-ға жеткен. Сонымен қатар, соңғы жиырма жыл ішінде 100 мыңға жуық адам қазақ тілін тегін меңгергені өңірдің тіл оқыту орталықтарының қарқынды жұмысының нәтижесі, – деп атап өтті.

    Келесі кезекте сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Тіл саясаты мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру-әдістемелік кеңестің пленарлық отырысы өткенін алға тартып, сол кеңесте Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметовтің баяндамасы минстр Саясат Нұрбектің назарына іліккенін айтып, нәтижесінде Алматы облысының тіл саясаты төңірегіндегі озық тәжірбиесін басқа да облыстарға тарату бойынша аталмыш семинардың ұйымдастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ Қайыржан Алдашұлы осындай мүмкіндік берген Алматы облысының әкімдігіне, өңірдегі тіл мәселесіне бей-жай қарамайтын тіл жанашырларына өз алғысын айтты. Келесі кезекте «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық  бірлестігінің вице-президенті, «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы, кәсіпкер, меценант Дулат Тастекей «Қазақ тілі» қоғамы мен мемлекеттік органдардың байланысы туралы баяндама жасап, дербес жұмыс жасайтын тіл басқармалары республика бойынша 3-ақ өңірде бар екенін алға тартып, басқа өңірлердегі тіл саясатын жандандыру қажеттігін сөзіне қосып, «Қазақ тілі» қоғамының жаңа жобаларымен таныстырды.

    Семинар барысында Тіл мен технологияның тоғысы да терең талданып, күн тәртібіндегі жоспар бойынша мемлекеттік тілді цифрландыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Осы орайда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай заманауи технологияларды тіл үйрету процесіне енгізу бағытында жасалып жатқан тың жобалармен таныстырды. Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп әзірленіп жатқан “Til Alatau” платформасы, “Чемпион” мультфильмі, “Қазақша сөйлесейік” жобалары – қазақ тілін қолжетімді әрі тартымды етуге арналған игі бастамалар ретінде ерекше назар аудартты. «SDU Univeristy» Текнопарк директоры Эльнура Набигазинова

    «Til Alatau» цифрлық электрондық платформасы жобасының презентациясын таныстырып, тіл саясатын жүзеге асыруда айрықша көмек беретін жобамен қонақтарды қызықтыра түсті. «Nietfix enterprises» ЖШС продюссері, аниматор Елдос Ибатбеков «Чемпион» мультфильмінің презентациясын көрсетіп, мұндағы басты кейіпкер қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, «Қазақ күресінің классигі» Жақсылық Үшкемпіров екенін тілге тиек етті. «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Наталья Батраковаға «Қазақша сөйлесейік» бағдарламасының мән-жайын тарқатып, әлеуметтік желі арқылы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп жүргенін жеткізді.

    Түстен кейін семинар тәжірибе алмасу бағытындағы секция жұмысымен жалғасты. Данияр Дүйсенбіұлы өңірдегі тіл саясаты жөнінде баяндама жасап, облыстық тіл басқармасына 2025 жылдан бастап жаңа функциялар берілгенін тарқатты. Мемлекеттік бақылау жүргізу, заң талаптарын бұзғандарға әкімшілік айыппұл салу, тілдік кемсітушіліктің алдын алу және оған тосқауыл қою, маңдайша жазуларды бекіту рәсімін ұйымдастыру, тілді цифрландыру бағытында іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша терең тарқатып, ағымдағы жылдан басқарманың атқаратын функциялары 20-ға дейін көбейгенін әңгімеледі. Басқарма басшысы тіл фестивалінің де жаңа форматта өтетінін мәлімдеп, келер жылдан бастап тіл фестивалін өткізудің тәртібі түбегейлі өзгеретінін жеткізді.

    Семинар барысында банк және құқық қорғау саласындағы мемлекеттік тілдің қолдану тәжірибесі де ортаға салынды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова банк қызметтерін қазақ тілінде қолжетімді ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндады. Ал Алматы облысы Полиция департаментінің мамандары тілдік кемсітушіліктің алдын алу және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері Нұрқанат Нұрсәлиев пен Алмас Әбдібек әкімшілік істер мен тексеру нысандарының бірыңғай тізілімдері арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды іс жүзінде көрсетті.

    Семинар соңында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан азаматтар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарына, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Тіл жанашыры» төсбелгісіне және Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаттарына ие болды.

    Республикалық семинардың екінші күні Қонаев қалалық кітапханасының жаңа ғимаратында жалғасын тапты. Семинарға қатысушыларды кітапхана директоры Айгүл Бегімбайқызы қарсы алып, заманауи талаптарға сай жабдықталған мәдениет ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

    «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы әзірлеген «Алатау» оқу-әдістемелік кешенінің А2 базалық деңгейге арналған оқу құралы мен жұмыс дәптерінің тұсаукесері өтті. Жаңа оқу құралдарының тұсауын Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай, Атырау облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Аманкелді Қонақбаев және Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметов салтанатты түрде кесті. Семинар жұмысы дөңгелек үстел форматында жалғасты. Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы Айбол Нүсіпқожаев өңірдегі ономастикалық ахуалдың жай-күйі туралы баяндама жасап, елдімекен атауларын тарихи негізге сәйкестендіру, ұлттық сипаттағы топонимдерді көбейту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

    Сондай-ақ, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қуаныш Амантайұлы орталықтың құрылымы мен қызметі жайлы кеңінен әңгімеледі. Ол орталықтың әдістемелік жұмыстары, тіл үйрету курстарының ұйымдастырылуы, оқытуда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқтала келе, кәсіби салаға бағытталған қазақ тілін оқыту тәжірибесін де таныстырды. Бұл тәжірибе семинарға қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

    Рухани шара барысында басқарманың оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы Меруерт Бабашева орталық қызметкерлері әзірлеген TilOquBot телеграм чат-ботын таныстырды. Бұл жаңашыл бастама шалғайдағы өңір тұрғындары мен уақыт тапшылығына байланысты оффлайн курстарға қатыса алмайтын мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін қашықтан үйренуге мүмкіндік беріп отырғаны атап өтілді.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжановтың жетекшілігімен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың тілдерді дамыту басқармаларының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, тіл саясатын жүзеге асырудағы тиімді тетіктер туралы пікір алмасты.

    Іс-шара соңында арнайы қарар қабылданып, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметов семинарға қатысқан барлық қонақтарға Алғыс хаттар табыс етті. Республикалық семинар тіл мамандары үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған жаңа жобалар мен бастамаларға жол ашты. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар мен жаңашыл идеялар тоғысқан екі күндік рухани жиын

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде қорытындыланып, «Тіл – тарихтың айнасы» атты гала-концертке ұласты.

    Құралбек Сәбитов

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Жастарға сенім артылды

    Жастарға сенім артылды

    4 months ago
    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    8 months ago
    Құндылықтарға құрмет

    Құндылықтарға құрмет

    3 months ago
    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    6 months ago
    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>