-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

     Биыл 12-30 маусым аралығында Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Бұл іс-шара туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында егжей-тегжейлі айтылды.
    Облыстық Полиция департаменті Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Нұржан Кеңесханұлының айтуынша, іс-шара азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу мақсатында өткізіліп отыр.
    Оның келтірген дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыста 550 интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, 131 қылмыстық іс тергелді, оның 114-і сотқа жолданды. Ең көп тараған алаяқтық түрлері — банк қызметкері ретінде алдау, онлайн саудадағы және инвестициялық жалған ұсыныстар, сондай-ақ әлеуметтік көмек пен несие сылтаулары.
    Алдын алу аясында 15 ақпараттық акция өткізіліп, 25 000 парақша таратылды, 11 билборд пен LED-экран орнатылды. 120 мектеп, 3 колледж және университетте кибергигиена бойынша сабақтар жүргізілді, баспасөзде 10 мақала, әлеуметтік желілерде 30-дан астам бейнеролик пен үндеу жарияланды.
    Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Сайлаухан Қуаныштың айтуынша, қазіргі кезде интернет-алаяқтықтың жаңа бірнеше түрі белең алуда.
    1. Банктік алаяқтық – жалған қоңырау арқылы азаматтарды қорқытып, жеке деректерін алу;
    2. Онлайн саудадағы алаяқтық – жалған парақшалар арқылы алдын ала төлем сұрау;
    3. Жалған инвестициялар – фейк жарнамалармен алдау;
    4. Дипфейк технологиясы арқылы алдау – «туыс» немесе «басшы» атынан ақша сұрау;
    5. Фишинг – жалған сілтемелер арқылы логин, құпия сөз ұрлау.

    Алматы облысының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, күмәнді жағдай туындаса, бірден «102» нөміріне хабарласуды ескертеді.

    Ұсынымдар

    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    11 months ago
    МҰҚАҒАЛИТАНУ ОРТАЛЫҒЫ  КЕРЕК

    МҰҚАҒАЛИТАНУ ОРТАЛЫҒЫ КЕРЕК

    5 months ago
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    3 months ago
    Жол сапасын сараптауға қатысты семинар өтті

    Жол сапасын сараптауға қатысты семинар өтті

    4 months ago
    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>