-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жарқын жүздесу

    27.06.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Жарқын жүздесу
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Кеген аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жергілікті қаламгер Марат Тақабаевпен кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты – жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын дәріптеу.

    Әдеби шараға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог-маманы Гүлназ Толонқызы, кітапханашылар, қаламгердің бір топ замандастары және оқырмандар қатысты.

    Марат Тақабайұлы Кеген ауданы Ақтасты ауылында дүниеге келген. Сарыжаз орта мектебін аяқтаған соң, Қазақ педагогикалық институтын және Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын  бітірген.  Еңбек  жолын қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәні  мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары «Ұзынбұлақ»  асыл  тұқымды  қой кеңшарында  бастауыш  комсомол ұйымының хатшысы, Ыдырыс Көшкінов атындағы және Ақсай орта мектептерінде мұғалім, Кеген аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Қазақстан компартиясы Кеген аудандық комитетінің екінші хатшысы, «Жылысай» қой кеңшарының директоры болды. 1994 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейін Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шықты. 2012  жылдан  Ұзынбұлақ  ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.

    Марат Тақабайұлы осы жұмыстармен бірге қаламгерлікті де қатар алып жүрді.  Оның жазған әңгіме, новелла, очерк, мақалалары республикалық баспасөз беттерінде, облыстық, аудандық газеттерде үзбей жарияланып келеді. 2006 жылы «Бақыт баспалдақтары», 2014 жылы «Ағалар аманаты» атты кітаптары жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Басқа да публицистикалық және  естелік мақалалары кітап болып жарық көрді. Еңбек  жолында медаль, Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталған, Райымбек ауданының  Құрметті азаматы. Зайыбы Бүбіхан Нүсіпова – мұғалім. Екеуі төрт бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған ауылдағы үлгілі отбасылардың бірі.

    Аудандық кітапхананың абономент бөлімінің меңгерушісі Жібек Молдасанова «Қаламды серік еткен жазушы» тақырыбында баяндамасын оқып, іс-шараның маңызына тоқталып, кітапхананың тұрақты оқырманы Марат Тақабаевтың шығармашылығын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойымен бөлісу үшін бас қосып отырғандарын айтты. Өңірде әкелер мектебі  құрылғанын да қуанышпен жеткізді.

    Библиограф Жаңылай Дәулетбай көпшілікке ардагер-журналистің кітаптары мен қолжазбалары қойылған шағын көрмемен таныстырып өтті. Сондай-ақ іс-шара қонақтары С.Досымбеков, Р.Мырзағалиев, Р.Әділжанов, Б.Таубалдиев, И.Тастанов, Ж.Демежанов және жастар атынан Г.Толонқызы ұлттық құндылық, кітап, қазіргі қоғам туралы тұшымды ойлар қозғап, оқырман қауымды кітап оқудан қол үзбеуге шақырды.

    Кездесу барысында қаламгер Марат Тақабайұлы қиындығы мен қызығы қатар жүретін журналист мамандығының қыр-сырын оқырмандармен бөлісті. Мектепте жүргенде-ақ  еңбекқорлығымен  көзге  түскен ардагер ағамыздың айтар естелігі аз емес екен.  Оқырмандар Марат Тақабайұлының әңгімелерін зейін қойып тыңдай отырып, өз кезегінде сұрақтар қойды.

    – Балаларды кітап оқуға бейімдеу керек, кітап – үлкен байлық. Әр жыл сайынғы оқиғаларды қойын дәптеріме түртіп, күнделік жазып отырамын. Көп оқып, іздену керек, халықты сүю керек,  шындықты  жазу  керек. Жалқау  болмай,  бастаған  ісің  болса, соның нәтижесіне жету керек, – деп сөзін түйіндеді қаламгер.

    Кеш соңында кітапхана ұжымы әсерлі әңгімесімен бөліскен қарт журналиске құрмет көрсетті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    China Railway Қонаев қаласы мен G4 City жобаларына қатысуға мүдделі

    2 years ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    11 months ago
    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    1 year ago
    Еріген қар суы

    Қазгидромет: Алматы және бірнеше облыста өзендер тасып, су басуы мүмкін

    2 years ago
    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>