-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    №4 жағажайға қатысты мәлімдеме

    24.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе, Туризм және саяхат
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Фото: almaty-akshamy.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Соңғы уақытта №4 жағажай жайында халық арасында теріс пікір тудыратын ақпараттар тарауда. Осыған байланысты Қонаев қаласы әкімдігі түсініктеме берді.

    Ең алдымен бұл жағажайдың қала иелігінде екенін айта кетейік. Сенімгерлік басқаруға «Жасыл қала Қонаев» мекемесіне берілген. «Яна Ужбетова» ЖК (Бауыржан Ужбетов) жылдар бойы жағажайды жалға алып келеді.

    Былтыр кәсіпкердің іс-әрекеттеріне қатысты қала әкімдігіне тұрғындардан бірнеше шағым түскен. Осыған қарамастан, «Жасыл қала Қонаев» мекемесі биыл да кәсіпкермен үш ай шомылу маусымына келісімшартқа отырды. Ол келісімшартта қос тараптың міндеттері түгелдей жазылған.

    Сондай-ақ жағажайды кәсіпкер өз бетінше қоршап қойған болатын. Қала әкімдігінің талабымен ол қоршау алынды. Одан бөлек, кәсіпкердің жағажайға кіруі үшін жаяу адамдардан ақы алғаны туралы былтыр деректер тіркелген. Бұл кемшілік те талаптар қою арқылы жойылды. Бүгінде аталған жағажайда құтқарушы мұнарасы мен медпункт жоқ. Осыған байланысты «Жасыл қала Қонаев» мекемесі ескертпе берді. Қазір кәсіпкер тұрақ үшін ақы алады.

    Енді жоспарға келсек, алдағы уақытта №5 жағажай секілді қаладағы 6 шақырым жағажайды абаттандыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл туралы бұған дейін жазғанбыз. Жоспарға №4 жағажай да кіреді.

    Қала әкімдігі шағын және орта бизнес өкілдерін, инвесторларды қолдауға әрдайым дайын. Кәсіпкерлердің құқығын шектеуге жол жоқ.

    Халықты бейресми деректерге сенбеуін сұраймыз. Сонымен қатар жалған ақпарат тарату және жала жабу іс-әрекеттері ҚР Заңнамасы аясында қарастырылатынын еске саламыз.

    Ұсынымдар

    «Таза бейсенбі»: Қарғалы өзенінің жағасы тазаланды

    «Таза бейсенбі»: Қарғалы өзенінің жағасы тазаланды

    1 year ago
    Ислам және қазақтардың ұлттық әдет-ғұрыптары

    Ислам және қазақтардың ұлттық әдет-ғұрыптары

    1 year ago
    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    2 years ago
    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>