⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Отыз жетінші қара сөз

    09.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Отыз жетінші қара сөз
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Абай Құнанбайұлы

    Адамның адамшылығы істі бастаған­дығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

    Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

    Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

    Кісіге біліміне қарай болыстық қыл, татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

    Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың.

    Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де, разы болмас.

    Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
    Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

    Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

    Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

    Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

    Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

    Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

    Егер ісім өнсін десең, ретін тап.

    Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады. Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
    Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.

    Дүние – үлкен көл,
    Заман – соққан жел,

    Алдыңғы толқын – ағалар,
    Артқы толқын – інілер.
    Кезекпенен өлінер,
    Баяғыдай көрінер.

    Бақпен асқан патшадан
    Мимен асқан қара артық.
    Сақалын сатқан кәріден
    Еңбегін сатқан бала артық.

    Тоқ тіленші – адам сайтаны,
    Харекетсіз – сопы монтаны.

    Жаман дос – көлеңке:
    Басыңды күн шалса,
    Қашып құтыла алмайсың;
    Басыңды бұлт алса,
    Іздеп таба алмайсың.

    Досы жоқпен сырлас,
    Досы көппен сыйлас.
    Қайғысыздан сақ бол,
    Қайғылыға жақ бол.

    Қайратсыз ашу – тұл,
    Тұрлаусыз ғашық – тұл,
    Шәкіртсіз ғалым – тұл.

    Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң – өзің ғана тілейсің.

    Ұсынымдар

    Медиа менеджмент және журналистиканың                                                                                                            экономикалық тұрақтылығы

    Медиа менеджмент және журналистиканың экономикалық тұрақтылығы

    3 months ago
    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

    2 months ago
    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін

    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін

    2 weeks ago
    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    9 months ago
    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>