-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АРҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ АМАНАТЫ

    16.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    АРҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ АМАНАТЫ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Бұрынғының үлкендері бір жамандықты естісе, не сұмдықты көзі шалса: «Бала естімесін, бала көрмесін», – дейді екен. Қазір олай дей алмайтын сияқтысың. Себебі ашық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Келуші де көп, өзіміз де төрткүл дүниеге сапар шегіп жатамыз. Осы арада басты айтпақ әңгімеге бет бұрар болсақ, ол ұрпақ тәрбиесі еді. Ұрпақ – елдің ертеңгі алтын діңгегі. Сол алтын діңгекті жаһандану заманында бір нәрсеге ұрындырмай, қалай түзу жолда ұстап тұруға болады? Әрине, «Ол мүмкін емес, торға қамап қойсаң да, бұзып шығады» дейтін сәуегей сөз айтылар. Сонда қайтпек керек?

    Тәуелсіз елдің мәңгілігін сақтау үшін, ұрпақты адастырмау үшін, ақылға қонар бір қарекетке бармасақ, болмайтындай. Өйткені кәмелетке толмаған жастар арасындағы қылмыс тыйылмай тұр. Оның деректерін тиісті мекемелер тізбелеп, түзеу жөнінде нұсқауларын беріп жатыр. Бірақ әттеген-айлар әр жерден төбе көрсетеді. Оқушылар бірігіп, мұғалімін сабайтынды шығарды. Алданып, теріс ағымдарға кіріп кеткендер туралы жат әдетті құлақ естіп, тіпті көз көрмеген сұмдықтар да шығып жатыр.
    Осы арада біздің айтпағымыз, алдымен үлкендер жағы түзелсе, яғни тәуелсіз елдің негізі саналатын қазақ қауымы тарам-тарам болмай, бір арнаға тоғысса, бөлініп-жарылмаса дейміз. Сөйтіп, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы дегенде бір жұттық байлық пен қолдың кірі – қызметтің тілеуін тілемей, ұрпақ тәрбиесі жолында біріксе, жастар арасындағы жат қылық тыйылар ма еді?! Сонда ұлттық сана, ұлттық рух дүр етіп қанат қағар ма еді? Бас-басымызға далақтай беру – даралыққа жатпайтынын сезген жөн-ау! Әрқайсымыздың сөзіміз әдемі болғанымен, айнала беріп, ісіміз іріп-шіріп кететін сәттерден тыйылсақ, қане?! Тіпті, бүкіл байтағымызда бір ұл, не бір қыз өресіздік танытса, жұрт болып жұмылсақ, неге олай болды екен десек, салдары мен себебін зерделесек, ұтылмас едік. Осы жерде Абайдың қазақтың бір қуанышы мен бір жұбанышы туралы айтқан сөзі ойға оралып отыр.
    «Оның қуанышы – елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: «Құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?» – деп. Оған Құдай Тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болды деп?!» – дейді де, бір тұста «Қазақ та адам баласы ғой» деп алады да: «Енді жұбаныш – жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, «Көппен көрген – ұлы той», көппен бірге болса, болады, – деген сөзді жұбаныш қылады. Оған Құдай Тағала айтып па, көптен қалмасаң болды деп, көпке қаһарым жүрмейді деп?! Көпке тұзағым жетпейді деп пе?!» – дейді тағы Абай.
    Абайдың бұл сөздерінің арғы жағында ұрпаққа үлгі болу, бір болу деген ұғым жатыр. Қазір капитализм қағидасы ма, кім білсін, бай баласы мен кедей баласы деген шықты. Асан мен Үсен біріне-бірі сұраулы жүзбен қарайды. Несін жасырамыз, бұл кесел білім ұяларында байқала бастады. Оны үлкендер жағы да ауыз толтырып айтатын болып барады. Олардың жүгінетіндері – Еуропа.
    Мұндай қылық қазақ үшін жеңіс емес, жеңіліс десек, артық айтқандық бола қоймас. Себебі ұлттық тәрбие, ұлттық үлгі ақпараттардың қойыртпағына айнала бастады. Салт-дәстүр мен киім үлгілерін концерттерде, театрда, Наурызда көреміз. Баланың көзінше айтпайтынымыз жоқ. Біреуді сыбап, біреуді жамандап жатамыз. Ең сұмдығы, сабақ беретін мұғалім туралы балалардың көзінше қилы-қилы әңгіме айтатынымыз және бар. Одан кейін бала оған қалай ілтипат көрсетсін?!
    Иә, ұрпаққа үлгі қай заманда да үлкеннен дарыған. Атам қазақ «Әкеге қарап – ұл, шешеге қарап қыз өседі» дейді. Бұл – арғы қазақтан қалған ақиқат! Сол ақиқатты көретін көз, еститін құлақ кем. Бұл кемдік – ертеңгі ұрпақтың соры.
    Бір жылы Еуропаға барғанда қаусаған кемпір-шалдарды көріп: «Бұл кісілер не істеп жүр?» – дегенімізде: «Өздерінше өмір кешіп жатқан қариялар ғой», – деп ел иелері түсіндіргені есте. Несін бүгеміз, қазір біздің елімізде де өзінше «тыныштықта» өмір сүруге үйреніп келе жатқан үлкендер баршылық. Кенже баланың қолында тұру сиреп барады. Келін-ұл, қыз-күйеубала жан- бағыс қамында жүр. Ұл-қыз тәрбиесі басқа қолға өтіп барады. Бұл ұлт тәрбиесін, ұрпақ тәрбиесін өзгенің қолына беріп қою емес пе? Бұл бір кездері жұртымызға, ұлтымызға қасірет болып жүрмес пе екен?
    Біз мұны Мұрат ақынның:
    «Мен қауіп еткеннен айтамын:
    Ақ борықтай иілген,
    Кейінгі туған баланың,
    Бұза ма деп реңін?» – деген өлең жолдары еске түскен соң айтып отырмыз.
    Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ. Үйретіп жатқан әже, әке жоқ», – деген сөзі алдыңғы толқынға, яғни ата мен әжеге, әке мен анаға мың батпан ауыр салмақ салып-ақ тұр. Сонымен, бүгінгі қазақ Мәңгілік елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын періште көңіл жастың санасына жат қылықты түсірмей, елдік рухты сіңіріп, өсіру жолында тізе біріктіруі керек деп ойлайсыз. Бар қазақ бір қазақ болатын күн қазір! Нарықтың заңы өз алдына, ұлттың рухы биік тұрып, бірлікке келгенде, жұмылып жұдырық, бірігіп білек болу сын сағаты туып тұр. Бұл іске арғы қазақ айтқан ақиқатты ар туындай көтерсек, өзіміз ғана емес, ұрпақ та бірлікке ұйыр еді.

    Сүлеймен МӘМЕТ,
    Алматы облысының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Омарта ісін дамытқан

    Омарта ісін дамытқан

    3 weeks ago
    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    2 years ago
    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    2 years ago
    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    6 months ago
    Жол азабынан құтылар күн жақын

    Жол азабынан құтылар күн жақын

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>