⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Шындық – қоғамның өзегі

    16.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Шындық – қоғамның өзегі
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Сағат Әшімбаевтың болмысын танып, білу үшін сыншының ойын қозғап, қаламына қанат бітірген көркем мақалаларына, толғаныстарына ден қоя білу – біз үшін үлкен парыз. Оның жүрегін мазалап, санасын сан қиырға жетелеген тебіренісінен қайраткердің тұлғалық кескінін анық аңғарасыз.

    Сағат Әшімбаев мына жарық дүниенің қызығын небәрі қырық төрт-ақ жыл көрді. Кейінгі жастарға үлгі боларлықтай ғұмыр кешті. Мұқағали айтқандай, «әлдеқайда асығып» өмір сүрді, алты құрлық әдебиеті мен мәдениетін барынша терең танып, жеткізе игеруге ұмтылды. Өмірдің заңдылығы – сыншы болу үшін, шыншыл болу керек. Осы қағиданы биік ұстанған Сағат өзіне биік талап қоя білді. Батыс пен Шығыстың озық үлгілі көркем әдебиетін жата-жастана оқу – Сағаттың өз болашағын таңдауына жол ашты. Мектеп табалдырығында жүргенде «Жас қалам» атты қабырға газетін шығарып, сонда «Ана», «Туған жерім», «Тянь-Шань», «Бейбіт өмір» және тағы басқа өлеңдерін жариялады.
    Сыншы қаламынан туған көркем сөз де, көсем сөз де, теледидардан өзі негізін қалап, өзі жүргізген «Жүректен қозғайық», «Парыз бен қарыз» секілді авторлық бағдарламалар да ойды балқытатын отты құштарлыққа, ащы шындыққа толы еді. Бойындағы кісілік қасиетін қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді шындықпен шынайы көрсете білді. Қоғамды дұрыс бағытта өзгерту үшін шындық керек екенін дәлелдей алды. Танымағанды таныту, жұрт байқамағанды байқату, жұрт елемегенді електен өткізіп көрсету шын мен жалғанның, ез бен ердің, адал мен арамның, кесапат пен парасаттың белгілерін ашып беру, жақсылыққа тебірену, зұлымдыққа лағынет айту – Сағат Әшімбаевтың ойлаған ойы, алға қойған мақсаты еді.
    Егер осыларды жеке талдап қарасақ қоғамға, қазіргі болашақ жастарға тәрбие беретін шындық бар емес пе? Осы шындықты адам баласы өз өмірінде күнделікті қолдана білсе, біздің қоғам дамиды, елімізде тәрбиелі де текті ұрпақтар өсіп-өнетіні сөзсіз. «Абай жолын жабырқатқан жайлар» атты мақаласында Абай өлеңдерінде айтылған ойларға өз ойын қосарлай отырып, адам табиғаты деген мәселеге терең талдау жасайды. Ұлттық болмысқа сыншылдық тұрғыдан қарау – ұлы Абайдан қалған дәстүр. Сыншы сол дәстүрді жалғастырушы болды.
    «Сынның аты – шындық, заты – сүйіспеншілік», «Сынның аты ащы болғанмен, заты тұщы», деген қанатты сөздерді Сағат айтқан. Сыншының азаматтық позициясы – шындық.
    Сағат Әшімбаевтың «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық» атты кітаптарында сыншы ретінде ғана емес, философ ретінде қалыптасқанын көреміз. Бұған дәлел – оның «Азаматтық формуласы» мақаласы. Жариялылық пен демократияны желеулетіп, ұлттық мәселелерге сөз қозғап, ой тастау үшін, қоғамдағы шындықтың бетін ашу үшін «Парыз бен қарыз» туды. Қоғамдық пікір қалыптастырып, жабылып қалған «Айтыс», «Терме», «Тамашаны» қайта өмірге алып келді.
    «Шындық қайда болса, әділдік сонда, ал әділдік ту тіккен жерде шындық салтанат құрады», – деген Сағат Әшімбаевтың азаматтық ұстанымы ел басына күн туғанда да уәдесінен тайған жоқ. Әділдіктің ақ туын көтеріп, Сағат әділетті қоғам құру үшін күресті. Себебі шындық – уақыт жүрегі. Бүгін айтылмаған ақиқат болашақта айтылары хақ, ал Сағат өз шындығын өз уақытында айта алған жан.
    Бүгінгі таңда қоғамда үлкен өзгерістер жасау үшін кемшіліктерді бетке айтып, қазіргі кездегі өрескел жағдайларды, қоғамның жазылмас дерті – сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу үшін Сағат Әшімбаев сияқты елім деп, халқым деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, бар өмірін халыққа арнаған азаматтар болашақ ұрпаққа қолұшын созып, тәрбиелік мәні бар бағдарлама жасап, шындық үшін күресіп, ел дамуына үлес қосуға ықпал етуі керек. Шындық – қоғамның өзегі. Ол болмаған жерде әділетсіздік бедел алары анық. Шындығы жоқ қоғам тамыры жоқ бәйтерек іспетті. Ешқашан көркеймейді. Себебі шындықсыз қоғамда зұлымдық пен өтірік, қор­қыныш пен үнсіздік жайлайды.
    «Білімділіктің ең басты факторы – туған тілде сөйлеу», деген сыншының сөзі тағы бір тіл туралы шындықты айтып тұр емес пе? Бүгінгі күннің тағы бір маңызды мәселесі – тіл мәселесі, әрине, бұл да бір шындық, бүгінгі күннің шындығы. Сағат Әшімбаев тіл тағдырын, мемлекеттік тіл мәртебесін жалынды жүрегімен жалпақ әлемге жүзбе-жүз жеткізе білді. «Аса бір құдіретті нәрсе бар. Біз содан айырылған күні – жерден де айырыламыз, елден де айырыламыз, тұрмыстан да айырыламыз, бәрінен де айырыламыз. Ол – тіл! Сондықтан біз тілді сақтау арқылы жанымызды сақтаймыз, қанымызды сақтаймыз! Біз қанымызды сақтаған жерде, Қазақ деген ел ешуақытта да өшпейтін, өлмейтін болады!» – деп сыншы тілдің маңызды екендігін орыс тілінің өркендеп тұрған шағында боямасыз көрсете білді, ащы шындықты айта білді. Тіл – ұлттың жаны, жады. Осы тарапта Сағат шындықты айту арқылы елдің рухын оятып, рухани мәдениетін арттыруға зор үлес қосты, көзі ашық, көкірегі ояу қоғамның қалыптасуына әсер етті.
    Сыншы таланты – сирек талант. Нағыз сыншы болу үшін тек әдеби білімділік, дарындылық жеткіліксіз. Сыншыға берік мінез, жоғары парасаттылық керек. Ақиқат айтудан адам айыпты емес, керісінше, оны көріп тұрып, көзін жұмып өткен адам айыпты. Өмірде шындық үшін күресе білмейтін адам өнерде шындықты айтуды мұрат тұта білмесе керек. Демек, шындық айтылмаса, қоғам өзгермесі анық. Шындықтың тұғыры қашанда биік, орны ерек.
    Сыншы қоғамдағы екіжүзділікті көрді. Ұлттың рухани қазынасы үшін талмай қызмет қылған тұлғаның дидары жарық. Өзі ғана, осының бәрін мен істесем деген өзімшілдікке салынған жоқ. Халықтың керегіне жарайды деген адамдардың бәріне қолұшын берді. Сағат Әшімбаев тәуелсіздікті көрмей кетті деп өкінуге болмайды, ол көрмеген жарық күнді ұрпағы, ұлты көрді.
    Адам өткенге қарап өтеді, бүгінге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді. Ұлтын сүйіп, ұрпаққа қызмет етуді өмірлік мақсаты санаған жанның қадірі аса түскендігін көріп келеміз.
    «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қал­дырған» деген жыр жолдары қайталан­бас ірі тұлға Сағат Әшімбаевқа арналып айтылғандай!

    Бақытжан Береке,
    А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы
    Сарыжаз ауылы, Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Халық қалаулысы ел ішінде

    Халық қалаулысы ел ішінде

    10 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    1 year ago
    МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    4 months ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 year ago
    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>