-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бүгінгі сурет –  ертеңгі тарих
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

         Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында Қазақстан фотожурналистикасының ардагері, Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері Қалиғұмар Қабдешев атты тамаша адам тұрады. 85 жасқа толған мерейтойына орай ол «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты символдық атауы бар кітап шығарды.

    Фотошежіренің тұсаукесері Алматы қаласында – ҚР Ұлттық кітапханасының жиынжайында өтті. Салтанатты шара барысында танымал тұлғалар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Олардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев, «Невада-Семей» қозғалысы төрағасының орынбасары Валерий Жандәулетов, фотоөнер ардагері Нұрманбет Қизатов, өнертану магистрі, PhD, фотожурналист Дәурен Мақсұтханұлы, белгілі журналист, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылхан Әбдірайым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М. Әуезов атындағы театр әртісі Айдос Бектеміров, белгілі композитор Бейбіт Дәлденбай, күйші-композитор, Жолаушы Тұрдықұлов, танымал әнші, әртіс Бауыржан Құмарбеков және басқалар бар. Олар фотожурналист Қалиғұмар Қабдешевтің тұлғасы мен шығармашылығы туралы әсерлі ойларымен бөлісіп, мерейтойымен және жаңа кітабының жарыққа шығуымен құттықтады.
    Шара барысында марапаттар да табыс етілді. Атап айтар болсақ, «Қонаев» республикалық қорының өкілдері мерейтой иесіне Дінмұхамед Қонаев атындағы медаль мен Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбек Сақтағановтың атынан құнды сыйлықтар ұсынылды, оларды республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің өңірлік тілшісі Мерей Қайнарұлы жеткізді.
    Салтанатты шараны ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің баспа-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы, «Дарын» баспасы және «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шара аясында шебердің әр жылдары түрлі жанрда түсірілген туындыларынан көрме де қойылды. Бұл еңбектер – Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған, отандық фотоөнердің дамуына қосылған үлкен үлес десе жарасады.
    Шара барысында Қалиғұмардың 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Шиғаншы ауылында дүниеге келгені, фотоөнерге өмірінің алпыс жылдан астам уақытын арнағаны айтылды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан табиғатының көркем көріністерін де, ел басшылары мен өнер, ғылым қайраткерлерін, еңбек адамдарын да объектив нысанасына алып үлгерген.
    Қалиғұмар Қабдешев фото түсіруді нағыз өнер деңгейіне көтерген шебер екені де атап өтілді. Ол ұзақ жыл бойы Қазақстанның халықаралық ақпарат агенттігі – аты аңызға айналған КазТАГ-та жұмыс істеп, мол кәсіби тәжірибе жинаған.
    Қызықты жайттардың бірі – Қалиғұмар «Құпия» деген белгімен сақталған бірнеше фотосурет авторы болып саналады. Сонымен қатар ол Антарктиданы фотообъективіне түсірген алғашқы қазақтардың бірі. Атап айтқанда, 1965 жылы ол Оңтүстік полюске барып, мұз құрсауындағы «Мирный» ғылыми-зерттеу стансасында болған кезде жүзеге асқан. Сол сапарында ол Антарктида мен ондағы стансаны ерекше ракурспен бейнелеген. Сондай-ақ Қалиғұмар Қабдешев – ЮНЕСКО деңгейінде мойындалған алғашқы қазақ фотографы ретінде де тарихта қалды.
    Айта кетерлік жайт, оның көптеген фотосуреттері 2021 жылы Алматыда «Онон» баспасынан шыққан «Өмірім мен өнерім» атты кітабында жарияланған. Ал жаңа «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» кітабында фотожурналистің көптеген қызықты еңбектері орын алған.
    Бұл еңбек еліміздің ұлттық байлығы, Қазақстан мен халықаралық фотожурналистика тарихындағы тағы бір маңызды туынды болары сөзсіз.

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    1 year ago
    «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

    «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

    6 months ago
    Су шаруашылығын аралады

    Су шаруашылығын аралады

    3 months ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    10 months ago
    Жыршылар жарысында топ жарды

    Жыршылар жарысында топ жарды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>