🌧️
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «Әлқисса» Алатаудың ар жағында күй төгілді

    22.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    «Әлқисса» Алатаудың ар жағында күй төгілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қазақтың ұлы композиторы, әйгілі күйші және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Мәдени шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аясында өтті.

    Мерекелік концерт шымылдығы Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында түрілді. Шараны Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырып, аймақтың жетекші шығармашылық ұжымдары мен белгілі өнерпаздары қырғызстандық көрермендерге өнер көрсетті.
    Кешке Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлы-этногра­фиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Дінзухра Тілендиева құрметті қонақ ретінде қатысты.
    Мерекелік концертте «Сазген» және «Құлансаз» ансамбльдері, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбеков, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Еңбек сіңірген қайраткер Нұркен Әшіров және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Сонымен қатар қырғызстандық әртістер де Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын орындады.
    Сүйінбай атындағы облыстық филар­мония директорының орын­басары Алмас Нұғыманов атап өткендей, шараға екі ай көлемінде дайындық жүргізілді. Оның айтуынша, қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузы сахнада үйлесім тауып, екі халықтың рухани жақындығын айшықтай түсті.
    Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізіміне енгізілген. Осыған байланысты мерейтой ха­лықаралық деңгейде кеңінен аталып өтуде. Бұған дейін Алматы облысының ұйымдастыруымен композиторға арналған кеш Бейжің қаласында өткен болатын. Бішкектегі концерт – осы мәдени эстафетаның жалғасы.

    Облыс әкімінің
    баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті

    Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті

    4 days ago
    ӘУЕ ШАРЫ

    Қонаевта референдум қарсаңында аспанға әуе шары көтерілді

    11 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Сингапур сауда және индустрия министрлігінің делегациясы Алматы облысына келді

    2 years ago
    ШаҺарға шырай кірді

    ШаҺарға шырай кірді

    1 year ago
    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңба санада жатталуы керек

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>