Алматы облысының әкімі міндетін атқарушының өкімімен Арайлым Ақсубайқызы Төлеубекова облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Арайлым Ақсубайқызы 1977 жылы туған. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті», 2015 жылы Алматы университетін «құқықтану», 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша бітірген. 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №97617 әскери бөлімінің операторы, Іле ауданының білім және спорт бөлімінің жетекші маманы, Іле ауданы №4 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Іле ауданы №29 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Балауса» балабақшасының әдіскері, Іле аудандық білім бөлімінің заңгері, бас маманы, бөлім басшысы, Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылдың маусым айынан Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болды.




