Жалпы ауыл болсын қала болсын қоғамда ажырасу үрдісі көбейді. Бұл ел болашағы үшін жағымды нәрсе емес. Президентіміз “ Толық емес отбасына берілетін жеңілдік – ажырасқандар санын көбейтті” – деді бүгінгі Жолдауында.
Президентіміз : «Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді. Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз.
Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтсақ, әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді», – деді
Мен президенттің алаңдаушылығын жақсы түсінемін.
Біздің халықтың тарихында болмаған өмірге деген жеңіл көзқарасты, отбасылық құндылықты Президентіміз ауыр сынға алды. Бұл дегеніміз отбасылық иснтитутымыздың аудандық, облыстық аналар кеңесі, ақсақалдар ұйымы, ардагерлер кеңесінің жұмысының алдағы уақытта ел арасында жұмыстарын жақсарту керек деген ұғым. Президентіміздің тапсырмасы жолда қалмауы керек.
Баян ТОПАРКЕЛІНІ,
Іле ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз




