⛅
15°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

    16.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау басталды. Биыл бұл бастама аясында 10 жас 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болады.

    Жастардың тың идеялары мен креативті бастамаларын жүзеге асыруға жол ашатын мүмкіндік – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы жариялаған бастамасы аясында қолға алынған. Грант еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағайындалып, жыл сайын дарынды да белсенді жастарға жаңа серпін беруді көздейді.

    «Гранттың мақсаты – өңіріміздегі шығармашыл әрі белсенді жастарды қолдау, олардың ел дамуына қосатын үлесін арттыру. Бұл – бір реттік қолдау емес, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам», — деді Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мади Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

    Алматы облысында аталмыш грантқа үміткер болуға ниетті 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар өз жобаларын ұсына алады. Қатысушының өңір тұрғыны болуы – басты талаптардың бірі.

    Жоба бес бағытты қамтиды. Ғылым саласында – зерттеулер мен тың идеяларға негізделген ғылыми жобалар қолдау табады. Мәдениет бағыты бойынша ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған бастамаларға басымдық берілмек. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласында жаңашыл IT шешімдер мен стартаптар, бизнес бағыты бойынша кәсіпкерлік идеялар, ал медиа саласында жастарға арналған пайдалы әрі мазмұнды контент жобалары қарастырылады.

    Конкурс екі кезеңнен тұрады. Алдымен, қатысушылардың құжаттары қабылданып, талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін, жобалар арнайы конкурстық комиссияның қарауына ұсынылып, жеңімпаздар іріктеледі.

    Бұл грант жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына тың серпін. Гранттың мәні тек қаржылай қолдауда емес. Бұл – жастарға сенім білдірудің, оларды ел дамуына қатыстырудың нақты жолы. Мемлекеттің болашағы – жаңа буынның белсенділігі мен жаңашылдығына тікелей байланысты, – деді спикер.

    Өтінімдер 17 қыркүйектен басталып, 2025 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады. Құжаттар almobl.t.urpaktary@gmail.com электронды поштасына немесе аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтары арқылы тапсырылады. Қосымша ақпаратты +7 (707) 950-35-13 нөмірі арқылы білуге болады.

    Ұсынымдар

    Жол

    Әкім: Еңбекшіқазақ ауданында биыл 276 шақырым жол жөнделеді

    3 years ago
    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    3 years ago
    Барлық алғышарттар жеткілікті

    Барлық алғышарттар жеткілікті

    1 year ago
    Алматы облысының әкімі өз таңдауын жасады

    Алматы облысының әкімі өз таңдауын жасады

    12 months ago
    Алматы облысында тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны басталды

    Алматы облысында тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны басталды

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>