[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тың жоба

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тың жоба
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мен қандастардың қоғамдық өмірге бейімделуін жандандыру мақсатында тың жоба қолға алынды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы арнайы жұмыстарды ұйымдастырып, 48 сағаттық оқу бағдарламасы мен 3 айлық курсты тамыз айынан бастап кетті.

    Аталған бастама шетелден тарихи Отанына қоныс аударған қандастардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне, қоғамға тез бейімделуіне, сондай-ақ азаматтық белсенділігін арттыруға және құқықтық, әлеуметтік мүмкіндіктермен жан-жақты танысуына мүмкіндік береді.
    Алматы облысында 2025 жылдың 1 қаңтары мен сәуір аралығында 1222 этника­лық қазаққа «қандас» мәртебесі беріліп, 188-іне ұзартылған. Атажұртына оралған қандастар Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Сауд Арабиясынан қоныс аударған. Олар Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандары мен Қонаев қаласына қоныстанған.
    Жоба аясында облыстың барлық өңірін­де тұратын қандастар үшін мемлекеттік тілді тегін үйрету курсы ұйымдастырылуда. Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинар, тренинг өткізілуде. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелердің қызметтері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік бейімдеуге арналған мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары бұл жұмысты аудандар мен қалаларда жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жобаға облыс бойынша әртүрлі жастағы 20 топқа бөлінген 302 қандас белсенді қатысып, мемлекеттік тілде сөйлеу дағдысын қалыптастырумен қатар, ел заңдылықтары мен құқықтық жүйесі туралы маңызды ақпараттар алып отыр. Бұл тек тіл үйретумен шектелетін жоба емес, елге оралған ағайындардың толыққанды азаматтық ортаға бейімделуіне бағытталған кешенді бағдарлама.
    Мемлекеттік тілді меңгерту – басты басымдықтардың бірі. Сонымен қатар қандастарымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қоғамға бейімдеу – біздің ортақ міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
    Тіл мен тәрбие – ұлт тұтастығының негізі. Осы ретте қолға алынған бұл бастама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру жолындағы стратегиялық бағытымен үндесіп, ұлтына жанашыр, тіліне құрметпен қарайтын, белсенді азаматтық ұстанымы бар жаңа буынды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

    Индира Рақымқызы,
    «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы»
    КММ басшысының орынбасары

    Ұсынымдар

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    2 years ago
    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    5 months ago
    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    2 months ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қонаевта 866 бала қызылшаға қарсы екпе алды

    2 years ago

    Заң бұзушылықпен күресті күшейтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>