[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жылыту маусымына дайындық: Қауіпсіздік — басты назарда

    06.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай, Энергетика
    Алматы облысында жылыту маусымына дайындық: Қауіпсіздік — басты назарда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Алматы облысында қыс мезгілі қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Әсіресе, жеке тұрғын үйлерде тұратын, пешпен жылынатын немесе ескі электр құрылғыларын пайдаланатын отбасылар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен кезекті көшпелі баспасөз мәслихаты Қонаев қаласының «Құрылысшы» шағын ауданында өтті. Іс-шара барысында мамандар тұрғындармен кездесіп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, улы газды анықтайтын датчиктер орнатты.

    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Макеновтың айтуынша, өңірде өрттердің басым көпшілігі — тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудан және пештің ақауларынан туындайды.

    Қазіргі таңда біз үшін басты міндет – тұрғын үйлерде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз отбасылардың үйлерінде улы газдан улану қаупі жоғары. Сол себепті түсіндіру жұмыстарымен қатар, газ датчиктерін орнату арқылы нақты көмек көрсетіп жатырмыз, – деді Арман Миржанович.

    Аталған іс-шараға AMANAT партиясының жастар қанаты – «Жастар рухы» еріктілері де белсене атсалысты. Олар мамандармен бірге үйлерді аралап, улы газ датчиктерін орнатып, жадынамалар таратты. Сондай-ақ, әр үйге кіріп, тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік талаптарын түсіндірді.

    Мамандар тұрғындарға пеш мұржасын уақытылы тазалау, қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланбау, электр сымдарының жағдайын үнемі тексеріп отыру сынды кеңестер берді. Сондай-ақ, розеткаларды шамадан тыс жүктемеу керектігін ескертті.

    Баспасөз іс-шарасы бірнеше үйге датчик орнатумен және тұрғындармен ашық әңгіме түріндегі кездесумен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жұмыстар облыстың басқа да елді мекендерінде жалғасатын болады.

    Алматы облысында қолға алынған бұл бастама – тек техникалық шара ғана емес, ең алдымен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы әрбір отбасы өз үйінің амандығын қамтамасыз ете алады.

    Қауіпсіздік — әр азаматтың жауапкершілігі екенін ұмытпаңыз.

    Ұсынымдар

    Алыптардың ақиқатты тануы

    Алыптардың ақиқатты тануы

    8 months ago
    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды

    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды

    6 months ago
    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    4 months ago
    Бабын тап та, бақ өсір

    Бабын тап та, бақ өсір

    2 years ago
    Құқықтық кеңес берілді

    Құқықтық кеңес берілді

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>