⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қала көркін аша түсті

    13.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қала көркін аша түсті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар, Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері, ардагерлер де қатысты. Онда қоршаған ортаны жасыл желекке орап, қаланы көркейту мақсатында көшет отырғызылды.

    Алдымен мамандар тораңғы көшетін дұрыс отырғызу тәсілін көрсетіп берді. Ағаштың бұл түрі ерекше күтімді қажет етеді. Түбіне ауа кірмеуі керек және тамырдың сыртқа шығып қалмауы маңызды. Осындай ұсақ-түйек жайттардың өзі ағаштың жайқалып өсуіне не мүлде қурап қалуына әсер ететін көрінеді. Тораңғы көшеттері Еңбекшіқазақ ауданындағы тәлімбақтан әкелінген. Онда сұрыптаушылар құрғақ әрі құмды топыраққа бейімделген жіңішке жапырақты ағаш түрлерін өсіреді.
    Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, көшет отырғызу ісіне атсалысты.
    – Облысымызда ағаш отырғызу акциясы көктемнен бері үзбей жүргізіліп келеді. Биыл облыста 80 мыңға жуық ағаш отырғызылып, бірнеше тонна тұқым егілді. Бұл шара сол жұмыстардың қорытындысы болды. Одан бөлек өткен жылдан бастап балаларды еңбекке баулып, еліміздің тазалығына үлес қосуы үшін әр мектеп оқушысы өз кабинетіне ағаш тұқымын егіп, көшет өсіруде. Облыста 360 мыңдай оқушы болса, әрқайсысының өзінің ағашы бар. Бұл акция әлі де жалғасады. Алдағы уақытта өңіріміздің табиғи ерекшелігіне сай келетін ағаш түрлерін өсіруге арналған агроөнеркәсіптік аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Қазір мамандар осы жобаны іске асыру үшін ең қолайлы орынды таңдауда. Сондай-ақ акцияға Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де атсалысты. Олар Қонаевқа көшіп келіп, мектеп ауыстырған соң жаңа қоныстарына тез бейімделіп, тіл табысып кетуіне көмектесуіміз керек. Балалар шараға белсене қатысуда, – деді Марат Елеусізұлы.
    Қонаев қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Мейіржан Жансерік облыс жастарының мұндай шаралардан қалыс қалмайтынын айтты. «Көшет отырғызу – тек табиғатты көркейту ғана емес, бұл келешек ұрпақтың жайлы өмірі үшін жасалған игі бастама, елге деген сүйіспеншіліктің белгісі», – деді ол. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Лариса Котельникова мұндай акциялар ұрпақ сабақтастығының символына айналатынына тоқталды. «Соңғы уақытта облыс орталығы жайқалып келеді. Жаңадан отырғызылған жасыл желекке қарап, көңілің жай табады. Бұл – келешек қауымға деген қамқорлықтың көрінісі. Шарада жастардың ерекше белсенділігін байқадым. Олар ертең осы ағаштарға қарап, жастық шағын есіне алады, өзі балаларына айтып, үлгі де болады», – деді ол.
    Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасы басшысы Димаш Қожабековтің айтуынша, акцияға облыс бойынша 67 мыңнан астам адам қатысқан. Бір күн ішінде 1200 гектардан астам жер тазартылып, 800 тоннадан аса қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 7000-нан астам тораңғы, үйеңкі, шаған және терек ағаштарының көшеті отырғызылған.
    Шара барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілермен бірге ғимарат маңына да көшет отырғызып, жидек ағашының тұқымын екті. Балалармен бірге түстеніп, олардың өнерін тамашалады. Орталық тәрбиеленушісі 13 жастағы Раина Манталиева алғаш рет ағаш отырғызғанын, бұл сәттің есінде ұзақ уақыт сақталатынын және қоршаған ортаның тазалығына атсалысқанына қуанышты екенін айтты.
    «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді дана халқымыз. Акция барысында отырғызылған көшеттер алдағы уақытта жайқалып өсіп, таза ауамен тыныстауымызға мүмкіндік беріп, қала көркін аша түспек.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    1 year ago
    Үлкен ауылында дауыс берушілердің 97 пайызы референдумға қатысты

    Үлкен ауылында дауыс берушілердің 97 пайызы референдумға қатысты

    1 year ago
    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды

    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды

    9 months ago
    Ел үмітін ақтаған

    Ел үмітін ақтаған

    2 years ago
    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>